Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Iзгi тiлекпен
1259 / 17.10.2013 11:38

Iзгi тiлекпен

Бүгінгі таңда компания заманауи жаңа технологияларға ерекше мән беруде. Алғаш құрылған кезде, ептеген қиындықтар болды, ескі техникалық жабдықтарды пайдаландық. Ал, қазір, ол кезді бүгінгі күнмен салыстыруға мүлде келмейді. Он жыл ішінде компания адам танымастай өзгерді, қуат күші-де артты. Технологияның бәрі жаңарды, көптеген жаңа электровоздар, тепловоздар пайдалануға берілді. Осы он жыл ішінде мамандар легі-де жастармен толықты. Бүгінгі таңда компания жабдықтау мәселесіне, әлеуметтік мәселелеріне баса назар аударып отыр. Атап айтқанда, Қызылорда, Қандыағаш, Аягөз, Ақтоғай, Тобыл филиалдарының әкімшілік ғимараттары жаңадан бой көтерді. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы көтеріліп келеді. Ақтөбе облысындағы Әйтеке би станциясында жаңа тұрғын үй бой көтеруде. Достық станциясында 153 үй пайдалануға беріліп, жергілікті жұмыскерлер үлкен қуанышқа кенелді. Қазіргі таңда локомотив бригадалары Маңғыстау, Атырау, Қандыағаш, Алматы локомотив деполарының жанынан санитарлық-тұрмыстық пост салынып, пайдалануға берілді. Бұл сонда қызмет атқаратын еңбеккерлер үшін өте қолайлы болмақ. Айта берсе, он жылда атқарылған жұмыс көп. Мен өзім осы компания құрылған кезден бастап жұмыс істеп келемін. Осы аталмыш жылдар мен үшін үлкен өмірлік тәжірибе болды.Әріптестеріммен өте тату, бірлікте қызмет етіп келеміз. Барлық компания қызметкерлерін мерейлі он жылдық мерекемен құттықтап, барлықтарыңызға бақыт, абырой тілеймін!

Марат КЕҢБЕЙІЛОВ, Өнідірістік-техникалық бөлімнің бастығы

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер