Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1428 / 17.10.2013 09:26

Құрметті әріптестер !

Қызылорда локомотив пайдалану депосында мен 1982 жылдан бері жұмыс жасап келемін.Алғаш жұмысқа келген кезімде қолдан­ыстағы тепловоздар ескі болғандықтан, екі күннің бірінде жөндеу жұмыстары жасалатын. «Локомотив» АҚ құрылған соңғы он жылдықта жағдай жақсы жағына өзгерді. Жұмысымыз бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ілгерілеп жеңілденді. Қазіргі жастарға қызыға қараймын, себебі қазіргі тепловоздың отыратын орындығынан бастап жаңа, тіпті шит-құрылғы да тепловоздың жағдайын көрсетіп, айтып тұр. Міне, мұның өзі тепловоз машинисінің жұмысына аса мән берілетіндігінің айғағы. Және де жаңа техника қосалқы бөлшекті талап етпейтіндіктен, ескі қолданыстағы тепловоздарға бұрынғыдай емес, барлық бөлшек жеткілікті. Қазір біздің тепловоздардың бәрі өз уақытында ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, күтім жасалады. Оған қоса, қазір жаңа тепловоз – «Эволюшннің» 70 данасы пайдалануға берілді. Темір жол машинасының бұл түрі қазіргі заманға сай барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Бұл «Локомотив» АҚ-ның отандық темір жол өндірісіндегі сүбелі жобасының жемісі. Олар өз елімізде жасалып, шығарылады.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының тепловоз машинистері мен олардың көмекшілеріне жұмысқа шығар алдында нұсқаулар мен ескертпелер осыған дейін ауызша түсіндірілсе, бүгінде олар күйтабаққа жазылып тыңдатылады. Сонымен қатар, локомотив бригадалары өздері жоқ кезде орын алған оқиғалар мен жайттарды арнайы бөлмеге орналастырылған экраннан көріп, өзгенің қателігінен бейнебаян арқылы сабақ алады. Бұл – еңбекті қорғауға, техникалық және қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға арналған бастамалардың бірі. Кешегі күні осының бірі болды ма? Міне, жетістік!

Мерген СМАИЛҰЛЫ, Қызылорда локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі

Маңғыстау локомотив пайдалану депосын түбек темір жолының қара шаңырағы деуге болады. Депоның құрылғанына биыл 45 жыл толып отыр. Менің мұнда алдымен машинист көмекшісі, сосын машинист және соңынан нұсқаушы болып еңбек етіп келе жатқаныма да 15 жыл болды.

Мен Маңғыстауға келген сол жылдары депоның пайдалану паркі 2ТЭ10В, 2ТЭ10М сериялы тепловоздармен жаңарды. Ал 2005 жылдан бастап паркке 2ТЭ10У тепловозы және америкалық «Дженерал Электрик» компаниясының жаңа деңгейдегі қозғалтқышты 2ТЭ10МК сериялы жетілген тепловоздары әкелінді. Ал бүгінде пайдалану паркінде 52 тепловоз бар. ТЭМ-2 сериялы тепловоздар Маңғыстау, Шетпе, Өзен, Бейнеу станциялары бойынша маневрлық жұмыстарға пайдаланылады. Өзен-Болашақ телімінде СИРДПЕ құрылғыларымен жабдықталған бір тепловоз жұмыс істеп тұр. Локомотив депосының құрамына Бейнеу, Өзен станцияларындағы 2 айналым депосы мен Шетпедегі айналым пункті кіреді. Он жыл ішінде тек тепловоздарымыз ғана жаңарып қоймай, техникалық сабақтар өткізуде де ілгерілеушілік көп. Техникалық кабинет компьютерлік сынып болып жабдықталды. Локомотив бригадалары жаңартылған технологиялар бойынша білім алуда. Депомыздың алғашқы «қарлығаштары» болған және олардың ізін ала еңбек еткен байырғы теміржолшы әулеттерді атасақ, олар: Абдашовтар, Алдабергеновтер, Төлеповтер, Сейітқұловтар, Төленовтер, Ерниязовтар, Азаматовтар, Алашовтар, Алхабековтер, Аманжоловтар, Байменовтер, Дарменовтер, Қобылановтар, Сейдалиевтер және Сансызбаевтар династияларын ерекше атар едім.

Марат Алхабеков,

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинист нұсқаушысы

Менің «Локомотив» АҚ филиалы – Жамбыл локомотив пайдалану депосында еңбек етіп келе жатқаныма жиырма жылдан асты. Соңғы жеті жыл көлемінде қауіпсіз құрылғылар жөніндегі машинист нұсқаушысы болып тер төгудемін.

Жалпы, «Локомотив» АҚ құрылған соңғы онжылдықта біздің салада жаңа технологиялар өндіріске дендеп енуде. Бұл бағытта мамандарды қайта даярлау мақсатында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2006 жылдан бері локомотив серияларында жаңа қауіпсіздік құрылғылары орнатылды. Бұл жаңа «Клуб» кешенді құрылғылары. Аталған құрылғының қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда атқарып отырған әлеуеті өте зор. Машинист пен локомотив бригадаларының жағдайы мен қозғалыс қауіпсіздігі толығымен автоматты түрде қадағаланады. Шындығында бұл ескі нұсқаулықтардың орнын толығымен толықтырып, локомотив бригадаларының жаңаша жұмыс жүргізуіне бағдар беруде. Бүгінгі күні локомотивтердің жетінші буыны – KZ локомотивтері, «Эволюшн» электровоздары мен тепловоздары өндіріске беріліп отыр. Сондай-ақ, қытайлық кәсіпорындармен бірге СКД тепловоздары да өндірісте жүр. Бұлардың бәрі жаңа буынның қарқынды жұмыс істеуіне мүмкіндік берер инновациялар. Демек, соңғы он жыл локомотив шаруашылығы үшін жаңа технологиялар дәуірі болды деуге болады. Сонымен қатар, жұмысшылардың жұмыс орындарын жаңаша ұйымдастыру мен олардың жұмыс өнімділігін арттыруына жасалып отырған бастамалардың өзі бір төбе. Мұның барлығы еңбекті қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуда жаңаша жұмыс жүргізуге, салада сапалы көрсеткіштер болуына қол жеткізуге мұрындық болуда.

Саид Айжанов, Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинист нұсқаушысы

Суретті түсірген Ерман Әбдиев

Машинист ескерткіші – мәртебелі

мамандық символы

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер