Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2622 / 17.10.2013 11:23

«Дөңгелектер әуені, тынбайды таң атқанша...»

Темір жол тағдырына айнал­ған жандар үшін дөңгелек­тер әуенінен артық рахат жоқ көрінеді.

Семей локомотив пайдалану депосының бірінші санатты машинист-нұсқаушысы, Құрметті теміржолшы Сарсекенов Ерлан Советханұлы осылай дейді.

– Мен 1964 жылы Шар қаласында дүниеге келдім. Ірі темір жол торабы болып саналатын Шарда теміржолшы мамандығына деген құрмет шексіз болатын. Жастайымыздан осы ортада өскен біз секілді әр қарадомалақтың арманы теміржолшы формасын кию болатын. Мен де Семейдегі автомеханикалық техникумды бітіріп, әскерге барып келген соң, 1985 жылы Шардағы локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісінің қосары болып жұмысқа тұрдым.

Екі ай жақсы тәлімгер, әкемнің құрдасы, марқұм Қойкенов Айтмұқан ағадан машинист мамандығының қыр-сырын үйреніп, сынақ тапсырған соң көмекші машинист болдым. Ал ең алғаш, өзім жеке-дара, машинистер қауымы еркелетіп «В-шка» атап кеткен 2Т10В тепловозының тізгінін ұстап, Шар станциясынан Жармаға дейін жүргізіп барған күн әлі есімде. Астыма өзім бір жеке көлік сатып алғандай қуанып, алып машинаның терезесінен жан-жағыма маңғаздана қарап, ен далада, анда-санда дыбыстағыш белгісін беріп, менмұндалап келемін. «Дөңгелектер әуені, тынбайды таң атқанша...» деп ыңылдап әндетіп келемін. Сол күнгі бойымды кернеген мақтанышты, көңілдегі толқыныс сезімін айтып жеткізе алмас едім. Әрине, бой үйреніп, ыстық-суығы басылған соң, бұл күнделікті үйреншікті тірлікке айналды. Ал дөңгелектердің бірқалыпты дүрсілі құлағыма әдемі бір әуендей жатталғаны соншалық, жылына бір ай демалысқа шыққанда тым-тырыс тыныштықтан біртүрлі елегізіп, бірнәрсемді жоғалтқандай боламын, – деген машинист сөзіне шәк келтірмедік.

Біздің кейіпкеріміз қамал алар қырық жастан асқанда Құрметті теміржолшы атанды. Және бұл мәртебелі атақ тәжірибелі машинистке бекерден бекер берілген жоқ. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, апаттық алдын алудағы ерен еңбегі үшін берлді.

–Әлі есімде, 2006 жылдың желтоқсан айы болатын. Дегелең – Семей бағытындағы № 376-шы жолаушылар пойызын басқарып келемін. Дегелеңнен шыға берістегі бағдаршам мен Семейге кіре берістегі бағдаршамға дейінгі аралықта қозғалыс қауіпсіздігін реттейтін басқа бақылау құрал­дары орнатылмаған. Сол себепті, айна­лаға жіті көз тастап, жарық күшейткіштен сәуле түскен жерлерге шұқшия қарап келемін. Сыртта 430 аяз. Түнгі сағат үштердің шамасында Дегелең – Известьковая аралығының 228-ші шақырымында рельс түйіспесінің бір-бірінен ажырап кеткенін алыстан көзім шалғандай, әлде бір түйсік пе, тежегішті оқыс іске қосып, пойызды тоқтаттым. Артынан тексеру жүргізген комиссия рельс қоспалары аяздың күшінен 37 сантиметрге алшақтап кеткендігін анықтады, – дейді осынау қырағылығы арқасында компания басшылығы тарапынан «Құрметті теміржолшы» белгісіне ұсынылған майталман машинист.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер