Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1319 / 17.10.2013 11:23

Машинист ескерткіші – мәртебелі мамандық символы

Осыдан санаулы жыл бұрын Ақтөбе локомотив пайдалану депосының алаңында құрылыс жұмыстары басталған-ды. Елгезек жан бой көтеріп келе жатқан сұлбаның адамға қойылып жатқан ескерткіш екенін түсінсе де, машинист атаулыға жасалып жатқан қошемет екенін бірден аңғара қоймаса керек.

Сөйтіп, жаздың жайма-шуақ бір күнінде, қолына «шарманка» ұстаған ер адамның алыстан менмұндалаған ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Бұл ауыр-ауыр құрамдарды ыңырана сүйреген локомотивтердің тізгінін ұстап, пультін басқарған машинист құрметіне көтерілген ескерткіш еді. Елордадан арнайы меймандар келіп, Ақтөбенің құрметті деген темір­жолшылары, аға буын ақсақалдары ақ баталарын беріп, мәре-сәре болған-ды. Жастар да қаз-қатар тізіліп, ескерткіштің кімдер үшін, не үшін ашылып жатқаны жайлы мінберлерде жасалған баяндамалар­дың, мәлімдемелердің, жүректен шыққан жылы лебіздердің куәсі болды. Локомотив шаруашылығына жаңа араласқан машинистер мен машинист көмекшілері сала жұмысының қадірін бұрынғыдан да тереңірек түсінгендей болды.

Ақтөбе локомотив пайдалану депосы­ның ауласында бой көтерген машинист ескерткіші нақты бір адамға, бір машинистке қойылған ескерткіш емес, әрине. Сол салтанатты жиында айтылғандай, бұл тас мүсін жалпы жинақталған образ. Машинист жұмысының ауыртпалығын, жауапкерші­­лі-гін ұғындырса керек. Машинист қауымының сонау сұрапыл соғыс жылдары жасаған ерліктері ерекше. Эшелонмен жауынгерлер тасымалдап, майдан алаңындағы қандастарымызға керек-жарағын жеткізуде де машинист еңбегі зор болатын. Қазір де машинистер сеніп тапсырылған жұмыстарды абыроймен атқарып, өзгелерге үлгі болуда, мәртебелі мамандықтың даңқын асырып, мерейін көтеруде. Ақтөбедегі ескерткіштің ашылу салтанатында заманында локомотив шаруашылығының сол кезде басшылығында болған азаматтар «машинистің темір жол бойындағы нөмірі бірінші кәсіп» екенін шегелеп жеткізген болатын.

Биіктігі үш метрден асатын мүсін арнайы киім үлгісін киген машинисті сомдайды. Қолындағы «шарманкасының» өзі осы кәсіп иесінің маңыздылығын сездіріп тұрғандай. Жүзінен мамандығына деген сүйіспеншілігі сезіліп, мақтаныш кернеген. Темір-бетон материалдан соғылған ескерткіш қоламен апталған.

Машинист ескерткішінің Ақтөбе локомотив пайдалану депосының ауласында орын тепкені тегіннен емес. Бұл жерде темір жол көлігінің тарихы бастау алады деуге болады. Ең алғаш трансқазақ магистралі осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын, яки 1901 жылы өтіп, құрылыс әрі қарай Түркістан бағытында өрбіген-ді. Ал алғаш паровоз депосы Ақтөбе станциясында 1903 жылы бой көтерген-ді. Қазіргі Ақтөбе локомотив пайдалану депосы сол паровоз депосының тарих-тағылымын жалғастырған ұрпақтар сабақтастығының белгісі.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Поделиться:
Популярные новости
1780 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1520 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1383 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер