Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру – басты қағиданың бірі
1631 / 17.10.2013 11:22

Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру – басты қағиданың бірі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының бірі – «Локомотив» акционерлік қоғамы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі мекеменің бірі. Өзектілігі мен маңыздылығы қатар жүретін қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мәселесі Қоғамда қандай жолға қойылған, қандай түйткілді тұстары бар? Бұл сұрақтарға «Локомотив» АҚ вице-президенті Иван Костыря жауап береді.

– Иван Иванович, «Локомотив» АҚ тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданған?

– «Локомотив» АҚ қозғалыс қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте локомотив паркін жаңартуда. Соңғы жылдары магистральдық жүк тепловоздарының паркіндегі локо­мотивтердің 33 пайызы жаңаланса, магистральдық тепловоздардың 21 пайызы ауыстырылған. Бұл жұмыстар келешекте де жалғасын таппақ.

– Көп жағдайда қозғалыс қауіпсіздігі адам факторы ықпалынан бұзылып жататыны жасырын емес...

– Локомотив шаруашылығында қоз-ғалыс қауіпсіздігі адам факторының кесірінен жиі бұзылатыны рас. Ал бұл олқылықтың орнын қайтіп толтыруға болады десеңіз, қазір біз Қоғамда локомотив бригадаларын дистанционды оқытатын жүйеге енгізіп жатырмыз. Бұл жүйенің ерекшелігі сол, локомотив бригадалары интернет арқылы сабақ оқып, электронды деректер базасына қолжетімді болады.

Осы арада, айрықша атап өтерлігі, біз алдымен электрондық кітапхана құрмақпыз. Қазір біз локомотив бригадаларымен өткізетін техникалық са-бақтар жоспарын жасап жатырмыз, ол тоқсанға бір рет жүргізілмек. Оған дейін локомотив бригадалары ұсақ-түйек сынақтармен шектелмек, мысалы, бүгінгі сабақты игергенін тест түріндегі бақылау сұрақтарына жауап беру арқылы түйіндемек. Егер игерсең, келесі сынға өтесің, ал тоқсан соңында депода толық сынақ тапсыру міндеттеледі. Бұл жүйенің Ресейде жұмыс істеп жатқанына бірнеше жыл. Санкт-Петербордың жол және қатынастар университеті жасап шығарған бұл жүйе алғаш рет Октябрь темір жолдарында пилоттық жоба ретінде енгізілгенде, біз сонда барып көріп, өзімізге енгізуге шешім қабылдаған болатынбыз. Қазір біз оны өзімізге ыңғайластырып жасап, келісімшарттар жасадық, осы жылдың соңына дейін пилоттық жоба ретінде енгізуге екі филиал іріктеліп алынып отыр. Ал 2014 жылы Қазақстанның барлық деполарына енгізуді жоспарлап отырмыз. Ескерте кетерлігі, бұл жүйені қазақ және орыс тілдерінде енгізу көзделген. Адамдар ақпаратты емін-еркін алу үшін. Біздіңше, бұл тәсіл адамдарға нақты көмегін тигізеді, соңғы уақытта көпшіліктің кітапханаға бас сұғуға зауқы жоқ па әлде уақыты жоқ па... Ал бұл міндеттелген бағдарлама адамдардың білім-ілімін молайтуға мол мүмкіндік әрі қызықты болады деп сенеміз. Бұл енді уақыт еншісіндегі ұзақмерзімді жоспар.

– Жаһандану дәуірі жаңа техно-логиялардың бірінен соң бірінің пайда болуымен ерекшеленуде. Осы ретте, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартатын қандай заманауи жаңа технологиялар Қазақстан локомотивтеріне енгізілуде?

– Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру ба-ғытында біздің кәсіпорында енгізіліп жатқан жаңа технологиялар көшін КЛУБ жүйесі бастап отырғанын айтар едім. Сонымен қатар бүгінде біз локомотивтерге сөйлесу тіркеуіштерін орнатудамыз. Бұл құрылғылар бір жағынан локомотив бригадаларын қорғайды, яғни олардың регламентті, тиісті талаптарды мінсіз орындағандарын анықтап берсе, екіншіден, локомотив бригадалары мүшелерінің тәртібін, жауапкершілігін күшейтеді. КЛУБ жүйесі егер адам араласпаса, рұқсат берілмеген сигналдан өтіп кетуді болдырмайды. Қазіргі таңда КЛУБ жүйесімен барлық жолаушылар және жаңа локомотивтер жарақтандырылған, ал ескі жүк тепловоздарын бұл жүйемен жарақтандыру экономикалық жағынан тиімсіз болып тұр. Тағы бір жаңалық, қазір біз қауіпсіздік аспабына қатысты соңғы үлгідегі диагностикалаушы катушкаларды сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл катушкалар техникалық тексеру пункттеріне кірмей-ақ, ЛСН құрылғыларының жұмыс істеп тұрғанын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді болса, екінші жағынан қауіпсіздікті арттырады, яғни локомотивтің күтіміне талапты күшейтсе, сондай-ақ, рельс тізбектерінің қызметін анықтап береді әрі тергеу жұмыстары кезінде өте қолайлы.

– Қазір қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты айлықтың жүріп жатқанын білеміз. Бұл айлықтың да көздегені қауіпсіздік қой?

– Қозғалыс қауіпсіздігі айлығы локомотив бригадалары арасында өтуде. Біз бұл айлықты рұқсат берілмеген сигналды өтіп кетудің 2 оқиғасынан кейін жариялауға мәжбүр болдық. Айлық барысында басымдық локомотив бригадаларын оқытуға және машинист нұсқаушылар жұмысына берілмек. Біз осы айлықта әрбір машинист-нұсқаушыға өзіне бекітілген локомотив бригадаларымен1,5 сағаттан кем емес уақыт жеке жұмыстар жүргізуді міндеттеп қойдық. Жеке жұмыстар дегеніміз не? Машинист-нұсқаушы өз локомотив бригадаларымен тікелей жұмыс істейтін болады. Ол сабақ өткізу формасын өзі таңдап алады. Мейлі ол локомотивте болуы мүмкін, егер де қандай да бір түйінді мәселе болса, оны сапар барысында көрсетуіне болады немесе сыныпта, техникалық сабақтарда көрсетіп, проблемаларды түсіндіруіне болады. Сол себептен де біз машинист-нұсқаушылардан өз колонналарының жұмыстарына талдау жүргізуді міндеттеп қойдық. Ол не үшін қажет дейтін болсақ, машинист-нұсқаушы осы жұмыс сараптамалары арқылы қай бағытта жұмыс істеп, қандай мәселеге назар аудару керектігін анықтай алады. Бірінші кезекте бұл кассеталар таспасын, КЛУБ тіркемесін, жылдамдықты өлшеуіш ленталарын ашып оқу, егер осы жазбаларды дұрыс және сауатты ашып оқи білсе, көптеген бұзушылықты анықтап, сәйкесінше қорытынды жасауға болады.

Ал барлық локомотив бригадаларына аттестация белгіледік. Қараша айында айлық бітісімен, локомотив бригадаларына аталған сынаққа дайындыққа бір ай көлемінде уақыт береміз, ал желтоқ-сан айының соңына дейін барлығын толық аттестациядан өткізіп, сынақтан сүрінгендермен қош айтысуға мәжбүр боламыз.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер