Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1277 / 17.10.2013 11:21

Ең үздік жас машинист – Шуда

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу станциясының өмірі темір жол саласымен ажырамастай байланысқан. Талай адамның ата кәсібіне айналған бұл үлкен саладағы еңбек жарысына Өмірзақовтар отбасы да өзіндік өрнегін салып келеді.

Әулет үлкендерінің бірі Сәкен Өмір-зақов кезінде отарба жұмысына өмірін арнаса, одан бергі ұрпақтары бұл үрдісті үзбей жалғастыруда. Олардың арасында немересі Ахат Өмірзақовтың еңбек жолы ерекше тоқтауды қажет ететін сияқты. Себебі, ол өз кәсібіне деген үлкен сүйіспеншіліктің және өмірге деген белсенділігінің арқасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бойынша «Ең үздік жас машинист» атанып отырған жас.

Абырой биігіне көтерілу оңайлықпен келмейтіні анық. Ол үлкен күшті, зор ынта мен асқан жауапкершілікті қажет етеді. Аталған қасиеттің барлығы Ахаттың бойынан табылып тұр. Үйінің кенжесі болғанмен, жастайынан зерек, жаңалыққа ұмтылғыш болып өскен жігіт жұмыста да осы қалпын сақтай білген. Ал, теміржолшы болу, оның ішінде ауыр құрама тартқан алып көлік тізгінінде отырып, халыққа қызмет жасау, тіпті де оңай емес. Көз ашқалы көргені темір жол тірлігі болғаннан соң да, Ахаттың таңдауы басқа салаға бағытталған емес. Шаңырақтағы ер азаматтардың барлығы өзара әріптестер. Әкесі зейнетке жақындап қалса, алдындағы екі ағасы құнды кадрлар саналады. Бір ағасы Қанат машинист нұсқаушысы қызметінде болғандықтан, бар білген-түйгенін бауырына үйретіп отырады екен. Қазіргі кезде Ахат Өмірзақов ІІ санатты машинист және «Шу-Алматы» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызының тізгінінде. Еңбек жолын 2006 жылы Шу локомотив пайдалану депосында машинистің көмекшісі болып бастаған ол Тараз қаласындағы темір жол колледжінің түлегі. Кейіннен Павлодар қаласындағы оқыту орталығында электровоз машинисі курсын тәмамдаған. Сондай-ақ, өндірістен қол үзбей Қазақ көлік жол қатынастары университетін бітіріп, жоғары білім алды.

Ерман Әбдиев, Шу
Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер