Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1396 / 17.10.2013 10:20

«Тағдырдың сыйы деймін»

Жаубаев Амантайды депо басынан таптық. Түнгі ауысымнан шыққан беті екен, бірақ шұғыл жөндеу жұмыстары болуына орай кідіріп қа­лыпты. Бізбен жүре жөн сұрасып, сауалымызға да атүсті жауап беруде.

– Амантай Сағынұлы, «Локомотив» АҚ-ның құрылғанына биыл 10 жыл болып отыр екен, яғни мерейтой сіздерге де ортақ қой...

– Әрине, ортақ. 10 жыл – аз уақыт емес, ол Қазақстан тәуелсіздігі жылдарының жартысын алған уақыт. Елде қандай игі істер атқарылса, темір жол да одан қалыс қалмады. «Локомотив» АҚ да сол қатардан табылып келе жатыр. Темір жол саласы, әсіресе, осы соңғы он жылда қарқынды дамып келеді. Алып тепловоздар енді өз елімізден шыға бас­тады. Бүкіл жүк және жолаушы тасымалы осы локомотивтер арқылы жүзеге асырылып отыр. Мәселен, Атырау пайдаланым депосында бұрынғы тепловоздар жаңарып, америкалық «Дженерал Электрик» маркалы маневрлік жаңа тепловоздар келді. Биыл Алматы мен Астанаға «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының шығуына байланысты бұл тепловозды да біздің машинист жігіттер меңгеріп алды. Енді тағы да маневрлік СКД-6-Д тепловоздары депо паркін толықтырмақ. Соған орай, бірнеше мамандарымыз осы тепловозды жүргізуге оқып жатыр. Жалпы, он жылда жасалған орамды істер көп болды. Жалақы өсті, жағдай жақсарды, әлеуметтік мәселелер де шешіліп жатыр. Мәселен Мақатта қаншама машинистерге пәтер берілді. Осының бәрі он жылда қолжеткен жетістік емей немене?!

– Сіз байырғы машинистердің бірісіз, машинист мамандығы туралы не айтасыз?

– Мен бұл депоға 1979 жылы келдім, келер жылы 35 жыл толады екен. Бір жерде табан аудармастан жұмыс жасап келемін және соны мақтан тұтамын. «Бермесең, бермей-ақ қой баспанаңды, бәрібір тастамаймын астанамды» деп Қасым ақын айтқанындай, Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында да сүйікті жұмысымды тастамадым. Қиын жылдар артта қалды, темір жол қайта бой түзеді, ондағы еңбекшілердің де тұрмысы түзеліп, жағдайы оңалды. Тепловоз паркі күн санап жаңарып жатыр. Тасымал көлемі тасқынды, жұмыс ауқымды, табыссыз да емеспіз. Біз секілді машинистер үшін ғана емес, жалпы теміржолшы қауымы үшін осының бәрі қандай қуаныш екенін білсеңдер ғой. Ал мен үшін машинист болу – тағдырдың тамаша сыйы дер едім.

– Мерейтойға орай әріптестеріңізге не дейсіз?

– Ниет бір, мүдде ортақ. Бәріміз тәуел-сіздігіміздің баяндылығы мен ел болашағы үшін еңбек етіп жатырмыз. Сол тұрғыда көздеген арман-мақсаттарымыз орындала берсін, «Локомотив» АҚ-ның қуаты арта берсін, теміржолшылардың мәртебесі өсе берсін!

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Суретті түсірген автор

Поделиться:
Популярные новости
1780 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1520 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1383 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер