Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1435 / 17.10.2013 10:19

Бүгіннен ертең нұрлы

Менің барлық саналы ғұмырым темір жол саласының локомотив шаруашылығында өтіп келеді. Өмір жолымда түрлі белестерден өттім. Сонау жас маман болып еңбек жолымды бастаған жылдар, Аягөз локомотив депосында Николай Никитич Ларшиннің тәрбиесінде болған тамаша жылдар менің күні бүгінгідей көз алдымда. Және соның бәрі бүгінгідей «Локомотив» компаниясы­ның он жылдығын атап өткелі отырған кезде еске түсетіні заңдылық секілді. Аягөзде көп жыл үй-күйсіз жүрген жас маманды енді ғана үй алып орналасып жатқанда сонау жердің түбіндегі елсіз даладағы Ақтоғай станциясына жіберу, нағыз «барса келмеске, жер аударумен» бірдей еді. Қинала-қинала, қынжыла-қынжыла кеткен едім мен сонда, бірақ арада бірнеше жыл өткенде Ақтоғай мен Достық өңірінің адам танымастай жанданып, қайта түлегенін көзіміз көріп, талай дос-жаран тапқан менің ол жерден кеткім де келмей қиналғанымды бүгінде ешкім түсінбес еді. Қытаймен шекаралас Достық станциясы көз алдымызда өсті, талай тарихи оқиғалардың куәсі болдық. Осының бәрі локомотив шаруашылығының «отымен кіріп, күлімен шыққан» мен секілді ардагерлерге өмірлік азық, ал жастар үшін үлкен бір өмір мектебі дер едім.

Бүгін міне, «Локомотив» АҚ-ның он жылдық мерекесін қарсы алып отырмыз. Осы он жылдық белесте компания жүз жылға азық болар үлкен асуларды бағындырды десек, артық айтқандық болмайды. Алдағы уақыт еншісінде бүгінгіден де биік белестер тұрғаны даусыз, өйткені ғаламдық техника-технология жетістіктерімен қаруланған біздің ертеңгі ұрпақ талай таңғажайыптарды тудыратыны анық, біз сол күндерге куә болайық.

Барлық әріптестерімді он жылдық ме­рекмен шын жүректен құттықтаймын!

Қазезхан Жұматаев,

«Локомотив» АҚ

президентінің кеңесшісі

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер