Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Сіздерді «Қамқор Локомотив» ЖШС ұжымының атынан 10 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймыз! «Локомотив» АҚ заманның тың өзгерістері мен талаптарына сай ата-бабаларымыздың еңбек дәстүрімен еліміздің көлік саласын өркендетуге сүбелі үлес қосып келеді. Мұның бәрі болат жолдың бойында өз жұмыстарын мүлтіксіз атқарып жүрген теміржолшылар қауымының, яғни Сіздердің ізденіс пен құлшыныстарыңыздың арқасында алынған асулар екенін айрықша атап өткіміз келеді. Іргелі істің алға басуына әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз қомақты. Қажырлы еңбектеріңізге шын жүректен шыққан алғысымызды білдіре отырып, егеменді еліміздің игілігін молайтуға арналған ұмтылыстарыңыздың жемісті бола беруіне тілектеспіз.
Елiмiздiң тәуелсiздiгiн нығайту iсiне бiлiм мен тәжiрибелерiңiздi сарқа жұмсай жүрiп, үлкен жауапкершiлiктi, тың серпiндi, заман талабына сай жаңашылдықты қажет ететiн саланы дамытуға қосып отырған үлестерiңiз әрқашан жемісті болсын. Еңбектерiңiзге табыс, отбасыларыңызға құт-береке тiлеймiз.
«Қамқор Локомотив» ЖШС Бас директоры Ахметбек Балымов
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...