Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1234 / 17.10.2013 09:34

«Локомотив» компаниясына – 10 жыл

Биылғы жыл – «Локомотив» акционерлік қоғамы үшін мерекелі де берекелі жыл. Қоғам 10 жасқа толды. Атаулы дата тарих үшін аса көп бола қоймас. Бірақ, аталған Қоғам үшін оның маңызы жоғары, орны бөлек. Өйткені, алғашқы он жылдық белес – Қоғамның құрылып-қалыптасу кезеңі мен тырнақ алды табысының бастауы.

Өткен он жыл аралығында «Локомотив» АҚ құрылып-қалыптасу кезеңін артқа тастап, қарқынды дамуда топ жарып, жоғары әлеуетін байқатумен қатар, тың да күрделі жобаларды сәтті жүзеге асыруда биік қабілет-қарымын танытты. Ал клиенттермен және серіктестермен қарым-қатынаста сенімді, ашық, іскер компания ретінде оң имиджін қалыптастырды.

Өткен күнге көз жүгіртсек, темір жол саласын қайта құрылымдаудың екінші сатысында іргетасы жаңа қаланған «Локомотив» акционерлік қоғамына алмағайып ауқымда міндеттер қойылды. Айқын мақсат, нақты іске қызметтерін жұмылдырған кәсіпорын жолай кездескен кедергі атаулының жібін білдірмей, қиын-қыстау кезеңнен тұяқ сүріндірмей өтуге талпын­ды. Локомотивтің «майын ішкен» майталман маман­дардан құралған ұжымның ұйымшылдығы – берекелі істердің бастауы болды. Бүгінде «Локомотив» АҚ елімізде пайдаланып жүрген ірі тартымдық жылжыма­лы құрамдардың бірден бір қожайыны, қазақстандық нарықтың көш басында тұрған іргелі компания. Оның құрамында 2 аймақтық өкілдігі, локомотив пайдалану деполарынан құрылған 30 филиалы, 24 айналым пай­далану депосы, локомотив бригадаларын ауыстыратын 7 пункті бар.

«Локомотив» АҚ өзінің 2010-2020 жылдарға арналған даму стратегиясында локомотив паркін жаңартуға басымдық беріп отыр. 2010-2020 жылдарға арналған «Локомотив» АҚ-ның даму стратегиясы осы мақсат-міндеттерге жұмылдырылған. Жаңа техникалар­ды сатып алуға жұмсалып отырған қаржы да қомақты. Егер 2008-2012 жылдар аралығындағы деректерге сүйенсек, осы мерзім ішінде жылжымалы құрам паркі мейлінше жаңарып, 800-ге жуық локомотив сатып алынған. Ал осы жылдың соңына дейін локомотивтің мүкәммал паркі Қазақстанда француздық «Альстом» компаниясымен және ресейлік «Трансмашхолдинг» кәсіпорынымен бірлесе құрастырылып жатқан KZ8A сериясындағы жаңа жүк электровоздарының 12 бірлігімен толықпақ. Бүгінде бірінші жаңа электро­воз Ерейментау – Астана – Қарағанды телімінде динамикалық сынақтан өтуде. Кәсіпорынның қарқынды даму үдерісін он жыл ішінде жылжымалы құрамның тозу деңгейінің 79-дан 62 пайызға дейін төмендеп, ал алдағы 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш деңгейін 44 пайызға дейін азайтуға межелеген жоспарынан аңғарамыз.

«Локомотив» АҚ Қазақстан темір жолында «Энер­гоменеджмент жүйелері. Талап және қолдану бойынша басшылық» ISO 50001:2011 энергетикалық менеджмент жүйесі бойынша сертификаттау аудитінен сәтті өткен бірінші кәсіпорын. Осыдан-ақ, аталған кәсіпорынның өз қызметінде энергиятиімділігін арттыруға талпыныс жасап отырғанын көреміз.

Қазіргі таңда «Локомотив» АҚ-ның сенімді серіктесіне айналған кәсіпорын қатарында астаналық «Локомо­тив» құрастыру зауытын атар едік. Қазақстан темір жолының шоқтығы биік еншілес ұйымдары арасында бірнеше ұзақмерзімді келешегі кемел инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Локомотив» АҚ Директорлар кеңесі отырысында ТЭП33А сери­ялы 110 жолаушылар тепловоздарын сатып алуға «Локомотив» және «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамдары арасында ірі келісімшарт жасау туралы шешім қабылданған болатын. Заманауи электровоздардың жеткізілуі 2014-2019 жылдар аралығын құрамақ.

Бүгінде 10 жылдығын атап өткелі отырған «Локомо­тив» АҚ – компания табысының кілті еңбеккерлерінің ынтымағы мен адал еңбегінің жемісі деп біледі. Компания басшылығы өз кезегінде ызметкерлерінің білім-біліктілігін арттыруға, олардың игі басталамала­рын нақты іске асыруға қолдау-көмек көрсетуде. Оның жарқын көрінісін, жылдан жылға білімдерін жетілдіріп жатқан еңбеккерлер қатарының көбеюінен көреміз. 2003 жылы 730 адам білімін жетілдірсе, биылғы жыл аяқталмай жатып 1660 адам оқу курстарынан өткен.

Сұлугүл БАКЕСОВА

«Қазақстан темiржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер