Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
«Локомотив» акционерлік қоғамының құрылуына 10 жыл толған мерейлі күнмен шын жүректен құттықтауды қабыл алыңыздар!
«Локомотив» АҚ-ның жаңа тарихы активтерді жаңғырту, жаңа тепловоздар мен электровоздар сатып алу, персоналды оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай тудыру сынды маңызды кезеңдермен айшықталуда.
«ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның ажырамас бөлігі болған компания жүк және жолаушылар тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету сияқты өзінің негізгі қызметін сақтай отырып, Қазақстанның жаңа көліктік-логистикалық құрылымын қалыптастыруда маңызды рөлге ие болып отыр.
Компания қызметкерлері әрдайым жоғары кәсіби білімдерімен, біліктіліктерімен, жауапкершіліктерімен және жүрек қалауымен таңдаған мамандықтарына адалдықтарымен ерекшеленіп келеді. Сіздерде жылдар тезінде жинақталған мол тәжірибе бар, ал еңбектеріңіз сенім үдесінен табылып, үлкен бедел-мәртебеге ие болуда.
«Локомотив» АҚ ұжымы алдыңғы толқын ағалардан қалған игі дәстүрді және терең білімді негізге ала отырып, алдағы уақытта да еңбек қарқынын бәсеңдетпей жемісті жұмыс істейтіндеріне сенімдімін.
«Локомотив» АҚ ұжымына тұрақтылық, ұйымшылдық, өркендеу, мықты денсаулық пен табыс тілей отырып, дамудың жаңа белестерінен көріне берулеріңізге тілектеспін!
Асқар МАМИН,
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...