Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
Наурыз айында Жамбыл локомотив пайдалану депосының өндірістік оқыту сыныбына компьютерлер қойылып, заманауи техникалардың көмегімен орталықтандырылған сынақ алу жүйесі мен машинистер мен олардың көмекшілері үшін арнайы әдістемелік жүйенің электрондық нұсқасымен танысуға көп мүмкіндік туған.
Өндірістік оқыту нұсқаушысы Нұрболат Нұрсейітовтың айтуынша, сыныптағы 16 компьютердің біреуі жүйенің бас орталығы да, қалғандары сол жүйеге қосылған.
- Бұл жерде мамандар электрондық кітапхананың да көмегіне жүгіне алады. Бас компьютерден басқарылатын файлдар арқылы машинистер мен машинистердің көмекшілері өздеріне қажетті ақпаратты тез, әрі жүйелі алып, таныса алады. Мұнда электровоз бен тепловоздардың құрылымдық жиынтығы, құрылғылары туралы толық ақпарат бар. Сондай-ақ, оқу құралдары ретінде мұнда ҚКАТ-дан мақұлданған бес дискі бар. Онда барлық деректер жинақталған. Және біздің мамандар аптасына бес күн осында кез-келген уақытында келіп, мәліметтер ала алады, - дейді Нұрболат Нұрсейітов.
Арсен Байзақ, Жамбыл
«Қазақстан теміржолшысы»
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...