Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Эволюшн» келді
1714 / 12.08.2013 10:37

«Эволюшн» келді

Астанада америкалық-қазақстандық «Эволюшн» жүк тепловоздары шығарыла бастағалы локомотив парктері біраз жаңарып қалды. Жуырда Атырау локомотив депосының паркі тағы 10 тепловозбен толықты.

–«Эволюшн» жүк тепловоздарының келуі парктің жаңарумен қатар станциялардың өткізу қабілетін арттыруға, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға да септігін тигізіп отыр. Бұрыннан депода 20 жүк, 17 маневрлік, 9 жолаушылар тепловозы болса, енді тағы 10 жүк тепловозымен толығып отыр. Бұлар Қазақстанның түкпір-түкпірінен – Ақтөбе, Қызылорда, Семей, т.б. қалалардан келіп жеткен тепловоздар. Бұл жаңа тепловоздарды жүргізу әдісін үйрету үшін арнайы мамандар, Сексеуілден, Семейден әбден маманданған машинист-нұсқаушылар келіп, жергілікті машинистерге үйрету үстінде. Қазіргі уақытта аталған 10 тепловоз Атырау–Ақсарай телімінде жүк тасымалында жүр, – дейді депоның жөндеу-бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Қорғанбаев.

Жаңа теполовозды алғаш жүргізген депо машинистерінің бірі Асхат Бекешовтың айтуынша, аталмыш тепловозбен жұмыс істеудің артықшылықтары көп. Ішінде тоңазытқыш, кондиционер сынды барлық тұрмыстық техникалары, тіпті тамақ пісіретін пеш те бар. Тепловозды қолдану бағытында негізінен компьютермен басқару жүйесі енгізілген. Сондықтан машинистер сол жағынан білімді болса, «Эволюшнмен» жұмыс істеудің еш қиындығы жоқ.

– Тіпті, ақау бола қалған күнде де компьютерден қай жерден қандай ақау бары көрініп тұрады. Тепловозды жүргізудің қиындығы жоқ, бірақ мұқият болу керек, тек жұмыс ыңғайына қарай қажетті деген тетіктерді ғана басып отырған дұрыс. Сонда ештеңеден қорықпай, батыл жүруге болады, – дейді сөзге араласқан машинист көмекшісі Айбек Алимов.

Қысқасы, атыраулық локомотившілер бесінші буын тепловоздың да қыр-сырын толық меңгеріп, заманауи техниканың рахатын көруде. Ал бүгінде еңбек демалысындағы аға буын қарт машинистер «эволюшнді» арнайы келіп көріп: «мыналарың нағыз керемет екен! Біз кезінде «москвичпен» жүрген едік, сендер «мерседес» мініп жүрсіңдер» деп тамсанады екен әзіл-шыны аралас...

Қосұйым Мұқашев

Суретті түсірген автор

Қазақстан теміржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер