Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1444 / 12.08.2013 07:20

49 шақырымдық «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының 18 шақырымы төселді

Қазақстанда жақында жаңа «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолы пайда болады. Қазір темір жол желісінің жұмыстары Қостанай облысының Жалғызтал ауылына жақын жерде жүргізіліп жатыр. Құрылысшылардың жұмысымен Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов танысты, деп хабарлады arknews.kz. ақпараттық порталы.

Әкімнің бұл сапары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мәминнің жұмыс сапарымен байланысты. Арқалық әкімі «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің төрағалығымен өткен жиналысқа қатысты. Жиын барысында айтылғандай, жұмыс қарқыны белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр: өңір аумағында 49 шақырым темір жол салынады, оның 18 шақырымға жуығы төселіп үлгерді.

Сонымен қатар күн сайын темір жолдың төсеме үймесінің астына 46 мың текше метр жер төсемесі салынады. А. Мәмин мәлімдегендей, бұл жобаның жүзеге асырылуы - тікелей Елбасының тапсырмасы. Жұмыс сапарына шығар алдында А. Мәмин Президенттің қабылдауында болып, оған темір жол желісінің салыну барысын баяндаған. Арқалық порталының мәліметтеріне қарағанда, өңірде темір жол құрылысынан бөлек Арқалық темір жол вокзалы қайта жөндеуден өтеді және көп қабатты тұрғын үй салынады. Сонымен қатар Арқалық темір жол станциясы ғимаратының күрделі жөндеуден өткізілуі әбден мүмкін.

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер