Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1945 / 02.08.2013 09:03

Мамандығым – мақтанышым

Темір жолдың бойында өскен қай бала машинист болуды армандамайды?! Мен алғаш тепловоз тізгінін ұстағанымда бала күнгі арманым орындалғандай болды. Алып машинаның гүрілі, сартылдаған дыбыс өзгелердің құлағына жағымсыз естілсе біздер, машинистер, үшін оны бір күн естімесек ауырып қалатындаймыз.

Осы уақытқа дейін алты түрлі тепловоздың тізгініне ие болдым. Тепловоздардың бірінен-бірі айырмашылығы жоқ. Жанар-жағар майы бір, тек қосымша құрылғылары жетілдірілген, машинистің жол қозғалысын қадағалауына мүмкіндіктер жасалған. Ал соңғы технологияның бірі - «Эволюшнде» өзгеріс көп, жетілген машина. Бәрі жаңа, ең бастысы машинистің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шит-құрылғыларды бақылап отыруына көп жағдай жасалынған.

Қызылорда локомотив пайдалану депосына сонау 1976 жылы жұмысқа келіп, төпт жылдан соң ғана машинист көмекшісіболдым, ал араға төрт жыл салып машинист болып жеке-дара тізгін ұстадым. Қазір бірінші классты тепловоз машинисімін. Машинист - мәртебелі мамандық. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің Алғыс хатымен марапатталған мен осы мамандықтың өкілі болғанымды мақтаныш еттім.

Қазақстандағы барлық теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыста табысты, жанұяда бақытты болуына тілектеспін.

Шаяхмет СЕРЕНБЕТОВ,

Қызылорда локомотив пайдалану депосы машинисі

«Казахстан темиржолысы»

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер