Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Біз теміржол қауіпсіздігі үшін!» флэш-моб өткізілуі туралы
1578 / 03.07.2013 16:55

«Біз теміржол қауіпсіздігі үшін!» флэш-моб өткізілуі туралы

       Астана вокзалы темір жол перронында «Біз теміржол қауіпсіздігі үшін!» флэш-моб өткізілді. Оған СВ көңілділер мен тапқырлар клубының командасы қатысты. Акция кезінде олар жолаушыларды темір жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Сондай –ақ, жолаушыларға темір жолда жасауға болмайтын іс әрекеттер туралы буклеттер табыс етті. Оның ішінде пойыз қозғалыс кезінде жол бойында жүруге, белгіленбеген тұстан өтуге болмайтындығы айтылған. Бүгінгі таңда ойланбай асығыс жасалған қадамдардан көптеген жүргіншілер зардап шегіп жатыр.

Шараны өткізуші – «Локомотив» АҚ темір жолдағы қауіпсіздік шараларына алаңдаушылық білдіреді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, жылына темір жолда жүзден астам адамды пойыз қағып кетсе, оның 75 пайызы өлім жағдайына әкеліп соқтырады. Жүргізушілердің алаңсыздығы - жолаушылардың қасіретіне айналды. Орташа алғанда жылына локомотивтің автокөлікпен соқтығысуының 30 оқиғасы орын алса, оның 25 пайызы кісі өліміне әкеліп отыр. Пойыз сағатына 40-60 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда, 300-600 метрден тоқтату мүмкін емес.

Акцияға қатысушылар қазақстандықтарды: «Темір жолда абай болыңыздар!», «Өз қауіпсіздігіңізді ойлаңыз!», «Сізді үйде отбасыңыз күтіп отыр!», «Өз өміріңді өзің қорға!» секілді ескерту плакаттарын алып жүрді.

Флеш-моб ұйымдастырушылар жол қауіпсіздігі Ережелерін үнемі қайталап отыру, әсіресе, балалардың жазғы каникулы мезгілінде маңызды екендігін атап өтті.

Поделиться:
Популярные новости
2362 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1938 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер