Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1388 / 25.06.2013 15:20

Машинист көмекшісі «бауыр циррозына» шалдыққан көп балалы анаға донор болды

Арыс станциясындағы локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып еңбек ететін орда бұзар отыз жастағы Нұрлыбек Рахымбаев ауыр науқасқа ұшыраған төрт баланың анасына бауырын кесіп беріп, тура келген ажалдан құтқарып қалды. Бұл туралы «Локомотив» АҚ баспасөз қызметі хабар таратты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын арыстық Зылиха Ескендіроваға «бауыр циррозы» диагнозы қойылған еді. Содан бері оның қабылдамаған ем-домы, қаралмаған ауруханасы, емделмеген дәрігері қалмады. Алғашқыда донор табылмаған соң, Алматыда бауыр клеткасын орнатып, үш айға кепілдік берген дәрігерлердің үміті ақталмады. Бауыр өсіп шыға қоймады. «Енді тек қана туыстық донор трансплантация операциясы ғана көмектесе алады» деп үміттендірді дәрігерлер. Оның барлық туыстары қан сынамаларын тапсырды, бірінің қан құрамы сәйкес келмесе, бірінде созылмалы аурулардың белгілері бар болып шыққан. Тек алыс туыстардан Нұрлыбектің ғана барлық сынамалары сәйкес келген.

Арыс қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан Зылиханың жағдайы күннен-күнге нашарлай берді. Уақыт оздырмай донор болуға бел байлаған Нұрлыбек Астанаға аттанды. Мамырдың 11 күні Астана қаласындағы Трансплантация орталығында оңтүстіккореялық дәрігер-хирургтардың бақылауымен жасалған ота төрт сағатқа созылған.

Иә... Өз бауыр еті баласын қоқысқа тастап кетіп жатқан сұм аналар жайлаған мына заманда өз туғаны емес, туыс жеңгесіне бауырының жартысын кесіп беру - кез-келгеннің азаматтығы жете бермейтін қадам. Қарапайым теміржолшы жігіт, Арыс стансцияындағы локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі, үш баланың әкесі Нұрлыбек сол санаулы арлы жанның бірі екенін сөзімен емес, ісімен дәлелдеді.

«Үміт жүрген жерде күдіктің де жүретіні белгілі емес пе? Алғашында барлық сынамалар дөп келіп, науқас жақ үмітпен қарап отырса да «бауыр берген қалай болар екен, ертең жарымжан болып қалмаймын ба...» деген күдіктің басымырақ болғаны да рас. Алайда, ортамызда күліп-ойнап жүрген уыздай жас келіншекті айналдырған ауруға қолдан береміз бе деп те ойладым. Не де болса бір Аллаға сиынып, тәуекел етуге бел будым, - дейді Нұрлыбектің өзі қорқынышы мен күдігі болғанын жасырмай.

Астанада бауыр трансплантациясының отасы сәтті аяқталған соң, Нұрлыбек аман-есен отбасына оралды. Рухы биік азамат Нұрлыбектің денсаулығына нұқсан келмейді, бауырсыз да қалмайды. Өйткені, сәтті жасалған отаның нәтижесінде бауыр толықтай бұрынғы қалпына түсуі тиіс. Бұл - бүгінгі медицинаның жеткен жетістіктерінің бірі.

BNews.kz 

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер