Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1483 / 08.06.2013 09:46

Жұмыс ауқымы ұлғаюда

Қандыағаш локомотив пайдалану депосына қарасты Никельтау айналым депосы өткен жылды еш ақаусыз, жақсы көрсеткіштермен аяқтаған болатын. Бұл сол деподағы 153 қызметкердің адал еңбегі.

– Біздің телім Никелтау – Орск аралығына қызмет көрсетеді. Ресейге қатынаймыз. Бір шеті Әйтеке би, бір жағы Қандыағаш станциясына дейін пойыз тасымалдаймыз. Хромтау станциясындағы Дөң кен байыту комбинатына да біздің машинистер қатынайды, – деген Никельтау айналым депосының бастығы Сұлтангерей Әбдірахманов аталған айналым депосы Қандыағаш локомотив пайдалану депосына қарағанымен, қарамағына бірнеше тепловоз бекітілгенін айтты.

Араларында модернизацияланған «американдық» үлгідегі тепловоздарда бар көрінеді. Никельтаулық машинистер былтыр жаз айларында «Эволюшн» тепловоздарын сынақтан өткізіп, олардың жылдамдықтарын арттырып көріпті. Шалғай станцияларға қатынайтын болғандықтан, штат саны да ұлғайтылған екен. «Ресей жолдарына қарап келген станциялар Ақтөбе жол бөлімшесінің қарамағына өткелі, біздің де қызмет көрсететін аямыз ұлғайды. Қосымша 20 бригада қосылды. Соңғы жылдары мекемені компьютермен жабдықтау жағы өте жақсы жолға қойылып, әрбір бөлмеге компьютер орнатылды», – дейді депо жетекшісі.

Сұлтан ағамыз Никельтау ауылында теміржолшылар отбасында дүниеге келіпті. Машинистің ұлы да ес білгеннен бастап әкесі сияқты темір тұлпарды тізгіндеуді армандапты. Бес жыл машинист көмекшілігінен кейін ол ақырында арманына жетіп 1985-2004 жылдар аралығында, бақандай жиырма жыл машинист болыпты. Одан кейінгі төрт жылда машинист-нұсқаушы болып қызмет атқарады. Кәсіби маман бұл шаруашылықтың да қыр-сырын жетік меңгеріп, басшылық сеніміне қылау салдырмай, депоға жетекшілік ету мәртебесіне жетеді.

Білікті маманның төсінде екі медаль жарқырайды. Бірі «Хромтау – Алтынсарин» жаңа темір жол тармағы құрылысына сіңген еңбегі үшін тағылса, екіншісі - «Адал еңбегі» үшін беріліпті.

– Бұрын жаңадан келген маман машинист көмекшісі ретінде кемі бес жыл ысылу керек болса, бүгінде небәрі үш жылдан соң машинистікке ауыса алады. Себебі, біріншіден, аға буын зейнет демалысына «Локомотив» АҚ тағайындаған 59 жастан шығып жатса, екіншіден, жаңа техникалар, жаңашылдықтар машинист жұмысын едәуір жеңілдетуде. Бірақ, машинистерден қырағылық, жауапкершілік, білім-біліктілік қашанда талап етілмек, – дейді Сұлтангерей ағамыз жас буындарға ақыл-кеңесін айта отырып.

Асқар АҚТІЛЕУ, Никельтау

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер