Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ата аманатына адалдық
1496 / 08.06.2013 09:44

Ата аманатына адалдық

Жамбыл локомотив пайдалану депосы ұжымының арасында Тұстықбаевтар әулеті аса үлкен құрметпен аталады. Осы депода еңбек етіп жүрген тепловоз машинистері Мейірбек пен Нұрланның аталары Жаңабай несібесін темір жолда теріп жеп, теміржолшы әулетінің негізін қалапты.

Ал әкелері Жәнібек болса осы депода ат аудармастан қырық жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан екен. Ол кісі 1949 жылдан бері Жамбыл өңірінде темір жол саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосса, қос машинистің анасы Аманкүл Райысқызы да қырық жылға жуық саналы өмірін болат жолдың бойына арнап, еңбегінің жемісі ретінде «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен қатар «Ардақты ана» төсбелгісін кеудесіне тағыпты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, Жәнібек пен Аманкүлдің кіндігінен тараған он ұл-қыздың барлығы дерлік ата жолын ұстанып, теміржолшы болды. Бүгінде ұрпақтары өмірден өткен ата-аналарын құрметпен еске алады. Бастапқыда жеті ұл, үш қыздың нәсібі осы темір жолдан бұйырғанымен кейін заман ағымына қарай қыздар басқа салаларға ауысып кетіпті. Жәнібек атамыздың үлкен ұлы Ораз бүгінде Астанада темір жол саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан. Ал Жамбыл локомотив пайдалану депосында қазіргі күні теміржолшы әулетінің тамырын тереңге жайған Мейірбек пен Нұрланнан бөлек, жас Тұстықбаевтар, Мейірбектің ұлдары – Әлібек машинист ретінде қызметін жалғастырып жатса, Ерлан мен Ержан да осы депода тер төгуде.

– Бала кезімізде әкем жолға алып шығатын. Сонда тепловоз дауысы маған ерекше әсер етті. Сөйтіп, бала кезімнен-ақ, ата жолын ұстанатыныма іштей байлам жасадым. Тепловоздың қозғалысы, жүрісі, тіпті майының иісі бойымды баурап алды. Мамандық та қанмен берілсе керек. 1985 жылы біздің әулеттің темір жол саласында еңбек еткен жылдарын есептегенде 150 жылды құраған еді. Одан бері отыз жылдай уақыт өтті, – дейді Нұрлан Тұстықбаев.

Нұрлан Жәнібекұлының өмірлік жары Баян Утебаева да Жамбыл жол бөлімшесінде пойыз диспетчері болып еңбек етеді екен. Үлкен қызы Жарқын Астана вокзалында кезекші. Үш ұл-қызынан үш немере сүйіп отырған Нұрлан Жәнібекұлы келешекте немерелерін де ата жолына баулымақ ойы бар. Әрине,мамандық таңдауда жүрек қалауына зорлық жоқ, дегенмен ата кәсібін таңдаса шексіз қуанатынын айтады. Нұрланның өзі өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында Жамбыл локомотив пайдалану депосына тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмысқа қабылданғаннан бері осы жерде табан аудармай еңбек етіп келеді екен. Өзінің еңбек жолында алты тепловоз машинисін тәрбиелеп шығарыпты. Өз кәсібінің шыңына шыққан уақытта майталман маманға «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісі беріліпті. «Локомотив» АҚ президентінен алған марапаттар да жетерлік. Өз кәсібін шексіз сүйіп, жұмысын адал атқаруға әдеттенген Нұрекең бос уақытында табиғат аясында отбасымен демалып, балық аулауғанды ұнатады.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Суретті түсірген автор

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер