Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Локомотивтер жаз маусымына дайын
1620 / 08.06.2013 11:40

Локомотивтер жаз маусымына дайын

«Локомотив» АҚ тарапынан 10 сәуір мен 30 мамыр аралығында локомотивтерге жүргізілген көктемгі комиссиялық байқау аяқталып, оның қорытындысы бойынша ел аймақтарындағы бірқатар деполар жүлделі орын мінберінен табылды.

Қол жеткізген жетістіктері мен жаз маусымына локомотивтерді жоғары деңгейде сапалы дайындағандары үшін бірінші топ локомотив деполарының арасында 1-орынды Қандыағаш локомотив пайдалану депосы қанжығасына байласа, 2-орын Қызылорда, ал 3-орын Ақтөбе локомотив пайдалану деполарының еншісіне тиіпті. Ал екінші топ локомотив деполары арасында 1-орын мінберінен Павлодар локомотив пайдалану депосы көрінді. 2-ші және 3-ші орындарды Қарағанды және Астана локомотив пайдалану деполары өзара бөліскен екен.

Соңғы, үшінші топ локомотив деполары арасындағы 1-орынды Жаңаарқа локомотив пайдалану депосы жеңіп алса, бұдан кейінгі сатыға балқаштықтар көтеріліп, 3-орынды сексеуілдік локомотившілер қанағат тұтыпты.

«Локомотив» АҚ баспасөз-қызметінің хабарлауынша, локомотив паркін жаз маусымына дайындау «Локомотив» АҚ, «Қамқор-Локомотив» ЖШС, «Локомотив сервис орталығы» АҚ және жекеменшік жөндеу кәсіпорындары басшылары мен мамандары құрамына кірген комиссия жетекшілігімен жүзеге асырылыпты.

– Көктемгі комиссиялық байқау – бұл жаз маусымына локомотив паркінің жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге арналған процедура. Осы байқау барысында инвентарлық парктегі пайдалану жұмыстарына жегілген барлық темір тұлпарлар қатысады. Байқау мақсатына келсек, ол біріншіден шаруашылықтағы түйінді түйіткілдерді тарқатып, кемшіліктерді дер кезінде анықтау, оларды уақытылы жою, олқылықтар орнын толтыру. Сонда ғана пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Және осы бағытта кешенді іс-шаралар легін түзіп, локомотивтерді жаз маусымында тасымал жұмыстарын қалтқысыз жүзеге асыру үшін сақадай сай етіп дайындау. Әдетте, локомотив паркі жазғы жұмыс кестесіне ККБ қорытындыларынан кейін көшеді , – дейді байқау жұмысына қатысқан майталман мамандар.

Біздің білгеніміз, байқау барысында локомотивтердің барлық тораптары, атап айтқанда, қауіпсіздік аспаптары, дизель-генератор қондырғылары, тартымдық электроқозғалтқыштар, қосымша жабдықтар, қорғау аппараттары, электрожабдықтар, автотежегіш аспаптары, сондай-ақ, локомотивтердің өртке қарсы, мәдени және санитарлық жағдайлары тыңғылықты тексеріліпті. Қазіргі таңда локомотивтер толықтай сырланып, қысқы майлары жазға алмастырылып, жылыту қаптары шешіліп алынған.

Жылжымалы құрам техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық және мәдени жағдайы бойынша Техникалық пайдалану ережелері талаптарына сәйкес бағаланатынын ескерсек, «Локомотив» АҚ бойынша орта бағам 4,3 балды, соның ішінде 4,5 балл – электровоздар бойынша, ал 4,3 балл – тепловоздар бойынша құрағанын атар едік. «Локомотив» АҚ-ның дәстүрге беріктігін көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша ең үздік ұжымды анықтауда сақтап қалғанын айқын байқаймыз. Оның нәтижесі мотивациялау-ынталандыру механизмін пайдалану арқылы шығарылады екен. Яғни, құрылымы және санына қарай үш топқа бөлінген локомотив пайдалану деполары арасынан өндірістік-қаржылық көрсеткіштері, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі оң нәтижелері тағысын тағы критерийлер бойынша топ жарып, озық шыққан жеңімпаз мекемелер қомақты қаржымен, еңбектерімен еректенген жұмыскерлер мақтау қағаздарымен марапатталады екен.

Сұлугүл БАКЕСОВА

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер