Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1385 / 28.05.2013 11:25

Парк жаңаруда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Локомотив» АҚ соңғы 4 жылда Астанадағы Локомотив құрастыру зауытынан 219 тепловоз сатып алған.

Басқа шаралармен қоса алғанда ҚР темір жолы локомотив паркінің тозуын 2008 жылы 79%-дан 2012 жылы 65%-ға дейін азайтты.

Ал 2013 жылдың аяғына қарай локомотив тозу деңгейі 64 %-ға дейін төмендейді. ҚТЖ-ның локомотив тартым паркін жаңғырту бағытының негізін отандық тепловоз өндірісі құрайды. 2009 жылы ЛҚЗ ашылғаннан бері Қазақстан темір жолынан зауытқа тапсырыс ұдайы түсіп тұрады. Ішкі сұраныстан бөлек, кәсіпорын өнімін экспорттайды. Жақында Астанада Эстонияға зауыттың 15 локомотивін жеткізу туралы шартқа қол қойылған.

АҚШ-тың «General Electric» компаниясымен бірлесіп, жүздеген тепловозға осы компанияның қозғалтқыштары ауыстырылды. Шетелден түрлі модификациядағы локомотивтер алынып, жүздеген машинистер мен көмекшілері жаңа тартым жұмысына ыңғайланып, қайта оқытылды.

Жуырда Астана қаласында қазақстандық локомотивтерге «GEVO» дизель қозғалтқыштарын шығаратын зауыт құрылысы басталмақ. Бұл өндірістегі қазақстандық үлесті едәуір ұлғайтады. Бұдан бөлек, локомотив паркін жаңғырту мақсатында, «Локомотив» АҚ KZ4A сериясының 27 жолаушы электровозын, СКД6Е маневрлік тепловозының 114-ін сатып алды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін паркқа тағы ТЭ33А сериясының 41магистральді жүк тепловозы, ТЭМ KZ сериясының 9 маневрлік тепловозы, KZ8A сериясының 12 жүк электровозы қосылады.

Тәңірберген АРҒЫН

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1776 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1517 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1380 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер