Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Үздік машинист –  Қызылордада
1396 / 25.05.2013 10:49

Үздік машинист – Қызылордада

Қызылорда қаласында өткен бесінші Республикалық «2013 жылдың үздік машинисі» конкурсының жеңімпазы болып Қызылорда локомотив пайдалану депосына қарасты Қазалы айналым депосының тепловоз машинисі – Серік Әбсеметов танылды.

Конкурс жеңімпазына 150 мың теңге мен арнайы сыйлықтарға қоса үмітін үкілеген ұжымына ауыспалы кубок тапсырылды. Жастайынан тепловоз машинисі болуды армандаған Серік салалық білімді еңбектен қол үзбей жүріп М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясынан алыпты.

Жалпы, бұл конкурстың екінші кезеңі мен ақырғы айналымына республиканың 29 депосынан 29 үміткер қатысқан болатын. Қызылорда вагон пайдалану депосының мәжіліс залында ұйымдастырылған байқауға іріктеу ең кемі бір жылдан аса уақыт осы салада еңбек еткен және жұмыс барысында ешқандай кінарат тағылмай, пойыз қозғалысы барысында қандай да бір техникалық немесе басқа да ақауларға жол бермеген тепловоз және электровоз машинистері арасында жүргізілген болатын. Конкурстың алғашқы кезеңі үміткерлердің өз жұмыс орындарында өткізілген-ді

Конкурсқа «Локомотив» АҚ пайдалану басқармасының бастығы Б.Ибадуллаев, локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Д.Елеусізов және ҚР Теміржолшылардың «Локомотив» АҚ қоғамдық бірлестігі Астана филиалының басшысы Қ.Баетов қазылық етіп, байқауға қатысушылардың білімі мен тәжірибесі арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы сараланған болатын. Міне, осындай кілең сайдың тасындай іріктелген машинистер арасынан тепловозды жүргізіп жүргеніне бес жыл ғана болғанына қарамастан Серік Әбсеметов 140 балл жинауының арқасында, оза шауып, бәйге алды. Мұны біз оны үкілеп, додаға қосқан Қазалыдағы және Қызылордадағы қызметтестерінің мерейі, жеңісі деп білеміз. Сайыста екінші орынды есілдік машинист Александр Артемчук қанжығасына байласа, үшінші саты мінберінен Бурабайдан келген машинист Павел Ивкин көрінді. Оларға да арнайы ақшалай сыйлықтармен дипломдар табыс етілді. Байқауға қазылық еткен комиссия мүшелері жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі байқаудың жылдан жылға деңгейі көтеріліп келе жатқанын айтса, конкурсқа қатысушылар мұндай шаралар машинистердің білімдерін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде болуларына ықпал етеді екен.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,Қызылорда

«Қазахстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер