Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1221 / 24.05.2013 11:01

Үздік машинистер анықталды

Қызылорда қаласында «2013 жылдың ең үздік машинисі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңім­паз болуға лайықтарды арнайы комис­сияның мүшелері анықтады. Комиссия құрамына тәжірибелі нұсқаушы маши­нис­тер, кадр бөлімінің бастықтары, Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіподақ ұйымы – «Локомотив» филиалы қоғамдық бірлестігінің өкілдері енді.Әділ­қазы­лар алқасын «Локомотив» АҚ пайдалану басқармасының басшысы Болат Ибадулаев басқарды.
Байқауда бір жыл болса да еңбек еткен және жұмысында еш ақауға жол бермеген машинистер, маневрлік пойыздың машинистері бақтарын сынады. Сайысқа қатысушылардың пойыз қозғалысындағы және маневрлік қозғалыс кезін­дегі, белгі беру және байланыс желісі, жылжымалы құрам­ның тежегішін пайдаланудың техникалық пайдалану ережесін және нұсқамалығын білу деңгейі бағаланды.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша барлық бөлімшелерден 29 машинист іріктелді. Олар мамыр айы­ның соңында Қызылорда депосында құрметті атақ үшін бақтарын сынады. Екінші кезең қорытындысы бойынша үздік маши­нистке ауыспалы кубок пен ақшалай сыйлық берілді.
«Жыл машинисі» байқауы локомотившілер арасында мамандықтың мәртебесін көтеру және машинистердің өзін-өзі дамытуы, еңбеккерлердің арасында ынталандыру жұмыстарын жетілдіру, кәсіпорынның командалық нұс­қаушылық құрамына кадр резервін жасақтау мақсатында 2007 жылдан бері тұрақты өткізіп келеді.
Қызықты бәсекеге созылған екі күндік сайыс та мәреге жетті. «Локомотив» акционерлік қоғамының бас­шылығы «Жыл машинисі – 2013» сайысына қатысқандарды ұшқыр шеберлік пен кәсібилілігін танытқаны үшін бар­лық үміткерлерді мақтау қағаздармен, бағалы сыйлық­тармен марапаттады.
Бірінші орынды 140 балл жинаған Қызылорда облы­сының намысын қорғаған Қазалы локомотив депосының 25 жастағы машинисі Серік Тәжібайұлы Әбсәметов жеңіп алды. Ол жоғары деңгейдегі білімі мен кәсіби маман екенін дәлелдеп, «Жыл машинисі» атағы мен 150 мың теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды.
Жеңімпаздың өмірбаянына тоқталар болсақ, ол Қызылорда агроколледжін бітіріп, Қазалы локомотив депосында машинистің көмекшісі болып істеген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын сырттай бітір­геннен кейін «Қызылорда – Қазалы» бағыты бойынша жүк пойыз қозғалысында машинист болып жұмыс істеді. Өзінің еңбек өтілінің аз болуына қарамастан Серік Тәжі­байұлы Әбсәметов байқауда өзінің білімділігі мен кәсі­билілігін көрсетіп, әріптестерінен озық шықты.
–Мен бала кезімнен пойыз жүргізуді арман еттім. Арманым орындалды. Мұндай құрметті мамандық үшін барыңды салып жұмыс істеуге болады. Сондықтан адам алдымен мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Машинист жұмысы өте күрделі, үлкен жауапкершілікті талап етеді, бірақ абыройы да асқақ, – дейді жеңімпаз Серік Тәжі­байұлы Әбсәметов.
Жеңімпаздың ойынша, мұндай салалық байқаудың берері мол.
«2013 жылдың ең үздік машинисі» атағы бәсекеге түскен байқауда екінші орынды Александр Артемчук, үшінші орынды Павел Ивкин иеленді. Олар да арнайы дипломдармен қатар, ақшалай сыйлық алды.
Байқау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, жыл сайын дәстүрге айналған байқаудың деңгейі өсті. Маши­нистер де жоғары білімі мен кәсіби біліктілігін көрсетіп келеді.

Миуа Байназарова
Қызылорда облысы
Поделиться:
Популярные новости
1748 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1493 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1355 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер