Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мұражай – құнды жәдігерлер қоры
2079 / 18.05.2013 12:32

Мұражай – құнды жәдігерлер қоры

Жамбыл локомотив пайдалану депосындағы мұражай жәдігерлері өткен ғасырдың басында елімізде бастау алған болат жолдың құрылысынан сыр шертеді. Мұражайдың ашылғанына биыл аттай 40 жыл болыпты.

Көзкөрген қариялардың айтуынша, мұражай жұмыс істей бастаған алғашқы екі айдың өзінде мұндағы жәдігерлер сол кезде бөлінген бөлмелерге сыймай кетіпті. Ал, бүгінгі күні мұнда алты мыңға жуық жәдігерлер мен дерек көздері бар. Дені құнды деректер жиынтығы. Мұражайдың алғашқы құжаттары мен жәдігерлерін жинауға атақты генерал Панфиловтың қызы – Валентина Ивановна Панфилова көп көмектесіпті.

-Генералдың қызының көмегі арқасында республикалық мұражайдан қару-жарақ үлгілері алынған екен, – дейді депоның кадрлар бөлімінің бастығы Сәкен Имашев.

Мұражайдағы жәдігердің денін уақытында болат жолдың бойында тер төккен теміржолшылар өткізіпті. Депо тарихына арналған стендтен көптеген деректер алуға болады. Әулиеата қаласында1924 жылдың 7 қарашасы күні паровоз депосы ашылып, алғаш төрт паровоз бен екі вагон жөндеу үшін алты темір жолы төселген екен.Паровоз депосы Әулие-ата станциясы мен Арыс және Пишпек станцияларының арасына қызмет көрсеткен. Мұнда қазақтан шыққан алғашқы машинистер Райымбеков, Опинов пен Мінайдаровтардың есімі алтын әріппен жазылған.

«20-40 жылдардағы паровоз депосы» стенді түгелдей темір жолдың құрылысына арналыпты. Мұның қатарында ғасырдың алып құрылысы – Түркісіб темір жолының тарихына арналған стендті қосыңыз. Онда алып құрылыс Орта Азия мен Сібір арасындағы 1445 км болат жол жоспарланған төрт жылдың ішінде емес, керісінше үш жылдың ішінде салынғандығы туралы дәйекті ақпарат ала аласыз. Семей мен Луговойдан бір-біріне қарама-қарсы жүрген алып құрылысқа қырық мыңға жуық жұмысшы тартылыпты.

50-60 жылдарға арналған стендтен 1958 жылы паровозды тепловоз алмастырғанын көреміз. Әулиеата өңіріне ТЭ-1, ТЭ-2 сериялы тепловоздары осы жылдары келіпті. Ал, еңбек жолын аталған депода слесарь-дизелист болып бастап, кейінгі жылдары дизелист комсомол-жастар бригадасына жетекшілік етіп, қатарынан сегіз бес жылдықта жеңіс тұғырынана көрінген Тленші Аппаевтың өмір жолына арналған стендтен кейінгі ұрпақ көп өнеге алары анық. Сондай-ақ, «Құрметті теміржолшылар», ҰОС-на арналған «Ерлік пен еңбек жолы», «Әйел-теміржолшылар», белгілі теміржолшылар Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловқа арналған стендтерде танымдық деректер мен дәйектер баршылық. Мұражай қызметкерлері мұндағы ең құнды деректердің қатарында 1983 жылдың 1 наурызында КСРО Жол қатынасы министрі С.Конарев пен ҚазССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың депо қызметкерлерімен өткен кездесуінен түсірілген фотосуреттер де көрнекі жерге ілінген.

-Біздің мұражай қызметкерлері облыстық мұражай қызметкерлерімен тығыз жұмыс істейді. Мұражайға жиі атбасын бұратын облыс орталығындағы темір жол колледжі мен лицейінің студенттері үшін есігіміз қашанда ашық. Олар темір жол тарихын, әсіресе Жамбыл темір жолының қалыптасу жолын білсе екен дейміз. Заманында Жамбыл жол бөлімшесін басқарып, абырой мен құрметке ие болған басшылар Байзақ Пірманов пен Сағымбек Ақшаловтардың құрметіне ашылған стендтер де кейінгі ұрпақ үшін қызықты болмақ. Жамбыл локомотив пайдалану депосының бастығы, Құрметті теміржолшы Жапар Исаев мұражайдағы жәдігерлер мен дерек көздерінің мұрты бұзылмай сақталуына барынша қолдау жасап отыр, – дейді кадрлар бөлімінің бастығы Сәкен Имашев.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Суреттерді түсірген автор

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер