Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Темір жолдағы қауіпсіздік оған бала күннен тәрбиелеу қажет
1638 / 17.05.2013 08:22

Темір жолдағы қауіпсіздік оған бала күннен тәрбиелеу қажет

Қазақстандық статистикаға сәйкес, жыл сайын темір жолдарда жүзден аса адамды басып кету жағдайлары орын алады. Олардың 75 пайыздан астамы қаза тапса, қалғандарында адамдар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады. Бұл қайғылы статистиканы тек теміржолшылардың күшімен тоқтату мүмкін емес, сондықтан жағдайды ұнамды бағытқа қарай өзгерту үшін бүкіл қоғамның мүмкіндіктерін бірлестіру қажет.
– Түйткілді үкіметтік деңгейде шешу керек. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама қажет. Тұрғындар арасында темір жол – қауіпті аймақ екені жөнінде насихат жұ­мыстары жүргізілуі тиіс. Теміржол­шы­лар­ға ұрыса берудің қажеті жоқ, адамдарды қауіпсіз жүріп-тұруға бала күнінен тәр­бие­­леген дұрыс. Темір жолды кесіп өту­ші­лер көп жағдайда пойызды тоқтатуға бо­ла­ды деп жаңылысады, оны қас-қағым сәтте тоқтату мүмкін емес, – дейді «Локо­мо­тив» АҚ вице-президенті Иван Кос­тыря.
Ол темір жолдарда болатын адам ба­сып кету жағдайларының 99,9 пайызы сол жүргіншілердің өздерінен болатынын ерек­ше атап өтті. Адамдар жүріп бара жат­қан пойыздардың алдынан жүгіріп өтеді, машинистің белгілеріне назар аудармастан, жолды жағалай жүреді. Олар жағдайдың қауіпті екенін дұрыс бағаламайды.
– Кейде кейбір учаскелерде тәулігіне бір-ақ рет пойыз өтетін жағдайлар болады, бірақ сол жерлерде де адамдарды басып кету орын алып жатады. Барлығының себебі біреу – адамдардың бейқамдығы. Машинистер локомотивтің пультіне адам басып кету үшін отырмайды, олардың әрбірінің қатаң белгіленген жолы бар және олар бұл жолдан шығып кете алмай­ды, – дейді вице-президент.
Оның айтқан деректері бойынша 2 мыңнан аса локомотивтерді шұғыл тежеу оқиғаларынан тек екі пайыз жағдайда ғана адамдарды басып кетудің алды алыныпты. Сол себепті машинистер қайғылы жағдай­ды болдырмау жөнінде ештеңе істемейді деуге болмайды.
Статистикаға сәйкес, темір жолдарда адам басып кету оқиғалары көктем және күз айларында жиілеп кетеді. Әдетте қай­ғылы оқиғалар локомотив машинисінің көру мүмкіндігі шектеулі немесе елді мекендердегі адамдар темір жолдарды жиі кесіп өтетін белгілі бір телімдерде орын алады. Қара тізімде Алматы, Ақтөбе, Қы­зыл­орда және Қарағанды облыстары «көш бастап» тұр.
Қайғылы статистикалық деректерге жүгінсек, 40 пайыз жағдайда адам басып кету оқиғасы Анна Каренинаның апатқа ұшырауымен ұқсас. 20 пайызында зардап шекендер құлақтарын тығып алып, әуен тыңдаған немесе мас жағдайда болған.
– Өкінішке қарай, темір жол бойында тұратын немесе үйінен жұмысқа бара жатқанда және кері қарай қайтқанда адамдар темір жолды жоғары қауіпті ай­мақ ретінде қабылдамайды. Бұл қайғылы апатқа соқтырады, – дейді Иван Кос­тыря.
Темір жолдардағы ең қауіпті топ – балалар. Олардың тәртіпсіздігі – ата-аналардың дұрыс көңіл бөлмеуінің, үлкендердің назар аудармайтындығының нәтижесі. Темір жолдарда адам басып кету оқиғалары әрбір елде орын алып жатады. Онымен күрес шаралары да әртүрлі. Ең тиімдісі – темір жолдарды қоршау. Алайда бұл тәсілді біздің елімізде түгел қолдану мүмкін емес.
– Әдетте темір жолдар елді мекендерді екі немесе үш бөлікке бөліп тұрады, сон­дықтан біз оларды қоршай алмаймыз, оның үстіне кейбір учаскелердегі жүк ағынын есепке алсақ, бұл экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келмейді, – дейді ол.
«Локомотив» АҚ ұжымындағылар темір жолдардағы қауіпсіздіктің басты кепілі – адамдардың қырағылығында екеніне бек сенімді.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ
"Айқын"
Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1488 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1352 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер