Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1204 / 11.05.2013 16:09

Жаңа теміржол бүкіл Каспий маңы аймағының стратегиялық маңызын арттырады - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

 Бүгін Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жаңа халықаралық теміржол өткелі ашылып, салтанатты түрде түйістірілгеннен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбанқұлы Бердімұхамедов екі елдің делегациялары алдында сөз сөйледі.

«Өткен жылдары жобаның өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті. Әлемдік сауда мен өндіріс салмағы Азияға ауып келеді. Осы кезде Қазақстан мен Түрікменстан экономикасы серпінді өсіп отырғанын көрсетеді. Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанныің Балқан уәләятының өзара іс-қимылы елеулі арта түсетініне сенімдімін. Екіншіден, біз Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия бағытына экспортты арттыра аламыз. Үшіншіден, солтүстік жақта да, оңтүстік бағытта да ондаған елдер үшін экономикалық жағынан тиімді, жаңа қолайлы жолбағытты құрамыз. Біз ирандық достарымыз жолдың 82 шақырымдық өз бөлігін жуық арада аяқтайды және біз Парсы шығанағына дейінгі бүкіл жол бойындағы жұмыстар аяқталуын мерекелейтін боламыз, деп сенемін», - деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұтастай алғанда бүкіл Каспий маңы аймағының стратегиялық маңызы арта түсетін болады, деп атап көрсетті ол. Жаңа теміржол көлік, өндіріс, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қоса алғанда, осы аймақтың дамуына қуатты серпін береді. Сөйтіп, магистраль біздің елдеріміздің игілігін арттыруға қомақты үлес болып табылады. Теміржол тікелей экономикалық пайда әкелумен бірге тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайтуға қызмет етеді.

«Орталық Азия аумағы ірі әлемдік нарықтарға шығуды қамтамасыз ете отырып, Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттар бойынша көлік қатынастарымен табиғи дәліз болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол жобасын жүзеге асыру еуразиялық кеңістікте тасымал бағыттарын оңтайландыруда үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Ол еуропалық елдерге, Балтық теңізіндегі порттар арқылы Таяу және Орта Шығыс тауар және шикізат нарықтарына, Үнді теңізі алабы мемлекеттеріне шығуға жол ашып, тасымалдау қашықтығын және жолда жүру уақытын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Шын мәнінде, әңгіме Орталық Азияны, Каспий алабы мемлекеттерін, Закавказияьенің қаратеңіздік аймақтарын біріктіретін, одан әрі Балтық елдері мен Солтүстік Еуропаға шығатын жаңа геоэкономикалық кеңістіктің сәулетіне іргетас қалау жөнінде әңгіме болып отыр», - деді Түрікменстан Президенті Гурбанқұлы Бердімұхамедов.

ҚазАқпарат 

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер