Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ембінің қарт машинисі
1219 / 08.05.2013 14:37

Ембінің қарт машинисі

 «Неміс фашистері Кеңес Одағына қарсы соғыс ашты!» деген адам жанын түршіктірген суыт хабар шартарапты шарпып өткенде, Владимир Соболев мұрты енді тебіндеп келе жатқан бозбала еді.

Жас Володя бейбіт өмірдің шырқын бұзып, бейбіт халыққа орасан зор қайғы-қасірет әкелген неміс фашистерінен ыза-кегін алуға асыққанымен, жасы жетпей қор болды. Туған жері Ембідегі ат зауытына от жағушы болып жұмысқа орналасқан ол қан майданға жанқияр еңбегімен үлес қосты. 1943 жылы он сегізге толған күні әскер қатарына алынып, алты ай дайындық курсынан өткеннен кейін, майданға аттанады. «Аспаннан бомба, алды-артыңнан қарша жауған оқ-снаряд. Қазір ғана қасыңда сап-сау жүрген майдандасың қас-қағым сәтте аяқ-қолынан айрылып не басы жұлынып, денесі жанталасып жатқан талай сұмдықты көрдік қой, беті аулақ...» Владимир Тимофеевич сынды соғысқа қатысқан ақсақалдар айтқан осындай әңгімелер адам жанын түршіктіреді...

Владимир Соболев ІІІ-ші Украин майданына қатысып, зұлымдық пен қанішерлік тізе қосқан неміс басқыншыларына қарсы соғыста артеллирист болып, қас дұшпанына зеңбіріктен оқты қарша боратып, кегін әбден алды. Днепропетровск, Николаев, Одесса, Кишинев, Волгоград қалаларын, Румыния, Югословия елдерін жаудан азат етуге қатысты. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, он сегізінде от кешкен Володя қанды қырғын даласынан аман-есен оралады. Ұлы Жеңіс туының желбіреуін көру сол кездегі әр адамның қуанышы болса, оны да көрді.

Елге оралған соң Владимир Соболев темір жолда еңбек жолын бастайды. Қандыағаш локомотив депосында от жағушы болып жұмысқа орналасқан ол сосын слесарь болып, біліктілігін көтерді. Кейін кіндік қаны тамған Ембі локомотив депосына машинист көмекшісі болып ауысады. Бірнеше жыл тәжірибе жинап, білім-білігін көтерген соң машинист болып бекиді де, зейнеткерлікке шыққанша табан аудармай еңбек етеді.

-Ел тыныштығынан, бейбіт өмірден асқан байлық та, құндылық та жоқ. Сондықтан қолымызда бар бейбітшілікті бағалай білейік!,- дейді қарт жауынгер өскелең ұрпақтың амандығын, көк аспанның ашықтығын тілеп.

Сұлугүл БАКЕСОВА

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1743 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1488 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1352 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер