Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Сырнайды серік еткен жауынгер
1342 / 08.05.2013 14:31

Сырнайды серік еткен жауынгер

Ақтөбелік майдангер Николай Мартынюк бүгінде сексеннің жетеуінде. Қария әлі тың, қолына сырнайын алып, соғыс жылдары орындаған әндерін немерелеріне шырқап отырады.

Көп балалы отбасында өскен бала еңбекке ерте араласты. Әкесіне серік болып егін егіп, жинаған астықты арбаға тиеп диірменге таситын. Соғыс басталған жылы небәрі 15 жастағы болбала, тек үшінші жылы жасы толып майданға аттанады. Башқұртстанда алғашқы дайындықтан өткен оны тағдыр Польша, Украина, Белоруссия жеріне айдап әкетеді. Қаршадай жігіт радист міндетін атқарып, талай сын сағатты бастан кешеді.

Николай бала жасынан түрлі аспаптарда ойнайды. Отбасында ағайындылардың барлығының музыкалық қабілеті жоғары болса керек. Гитара, мандалина, балалайка, сырнай... барлық аспапта талғамай ойнай береді. Соғыста да қолдары қалт еткенде қолына баянын алып, «Катюшаға» басқанда жауынгерлердің рухы көтеріліп билей жөнелетін де, ұнжырғасы түсіп отырғандар әп-сәтте жадырап, айналаны думандатып жіберетін.

Жауынгер жігіт соғыс бітсе де, Украинада әскер қатарында борышын өтеуді жалғастыра береді. Сонда жүріп өмірлік жарын жолықтырады. Бойжеткен Күнделікті су тасып жүрген жақын деревняның бойжеткені алыстан талып естілген мандалинаның үнін естіп, жігітті көрмей жатып-ақ ғашық болғанға ұқсайды. Кейін сол жігітпен қол ұстасып Қазақстанға аттанды. Алғашында еңбек жолын Ембі станциясында вагон жөндеуші слесарь болып бастаған жиырма жастағы жас жігіт көп ұзамай локомотив депосына ауысып, машинист көмекшісі болады. Зейнетке шыққанша сол Жем локомотив депосында жемісті еңбек еткен қария бүгінде бала-шағасы, немерелерімен Ақтөбеде тұрып жатыр.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер