Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1522 / 30.04.2013 15:17

Отызға жуық маман Қазақстандағы үздік машинист атағы үшін күресуде

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болуға лайықтарды арнайы комиссия саралайды. Әрбір филиалдағы пайдалану жөніндегі директордың орынбасары басқарған комиссия құрамына тәжірибелі нұсқаушы машинистер, кадр бөлімінің бастықтары, Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіподақ ұйымы - «Локомотив» филиалы қоғамдық бірлестігінің өкілдері енгізілді.

Бірінші тур бойынша барлық деңгейдегі бір жыл болса да еңбек еткен және жұмысында ақауға жол бермеген машинистер, маневрлік пойыздардың машинистері де байқауда бақтарын сынады.

Алғашқы турда конкурсқа қатысушылардың пойыз қозғалысындағы және маневрлік қозғалыс кезіндегі, белгі беру және байланыс желісі, жылжымалы құрамның тежегішін пайдаланудың Техникалық пайдалану Ережесін және Нұсқамалығын білу деңгейі бағаланды. Сондай-ақ, басқа да нормативтік құжаттар негізінде локомотив бригадасының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету Бұйрығы қаралды.

Бірінші кезең бойынша 29 машинист іріктелді. Олар мамыр айының соңында Қызылорда депосында құрметті атақ үшін бақтарын сынайтын болады. Екінші кезең қорытындысы бойынша үздік машиниске ауыспалы кубок пен ақшалай сыйлық беріледі.

«Жыл машинисі» байқауы локомотившілер арасында мамандықтың мәртебесін көтеру және машинистердің өзін өзі дамытуы, еңбеккерлердің арасында ынталандыру жұмыстарын жетілдіру, кәсіпорынның командалық насқаушылық құрамына кадр резервін жасақтау мақсатында 2007 жылдан бері тұрақты өткізіп келеді.

«Локомотив» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
1750 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1495 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1357 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер