Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1480 / 27.04.2013 13:47

Машинистер қауіпсіздігі үшін

Атырау локомотив пайдалану депосында жұмысшылардың 85 пайызы локомотив бригадаларында еңбек ететін тепловоз машинистері мен машинист көмекшілері және олардың жұмысы қауіпті болып табылады.

Сондықтан еңбек қорғау жөніндегі шаралар жоспарлы және кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде Атырау депосының тепловоз машинистері мен машинист көмекшілерінің арасында жеті жылдан бері жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Депоның еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының жетекші инженері Аманжол Шоқамбаевтың айтуынша, өткен жыл қорытындысы бойынша және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында да өндірісте жарақат алу, басқадай апат кездеспеген. Аталған мерзім ішінде еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген 4067,1 мың теңге толықтай игерілген. Қорғаныш құралдарын сынау, локомотивтерде жарық беру плафондарын қондыру және алмастыру, желдеткіштерді жөндеу, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген. Ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен, медициналық қорапша, басқа да құралдармен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Былтыр депода локомотив бригадалары үшін тұрмыстық корпус (санитарлық блок) пайдалануға берілді. Бұл жұмыс сапасының жақсаруына да оң әсер етті.

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ - «Локомотив» АҚ-да болып жатқан әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақтылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист-нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Зиянды жұмыс орнында еңбек ететін жұмысшылар сүт, жеміс шырынымен қамтамасыз етілген. Депода және Атырау, Ганюшкино станциялары басында ауысымға шығар алдында және одан кейін машинистердің денсаулығын, қан қысымын, ішімдік ішкен-ішпегендігін, т.б. тексеріп отыратын, ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететтін медбике жұмыс жасайды.

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1748 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1493 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1355 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер