Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Түбекке «Эволюшн» келді
1271 / 24.04.2013 13:30

Түбекке «Эволюшн» келді

            Маңғыстау локомотив депосына Локомотив құрастыру зауытының өнімдері – «Эволюшн» тепловоздары келіп жатыр.

Бір аптадан бері Шиелі станциясынан жеткізілген ТЭ33А сериясындағы бір тепловозбен Маңғыстау-Өзен бағытында жүк және жолаушылар пойыздары тасымалдануда. Бүгінде қызылордалық машинист-нұсқаушылар маңғыстаулық әріптестеріне «Эволюшнмен» жұмыс істеудің ерекшеліктерін үйретіп жатыр.

Шиелі локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Құбайдолла Маханов аталмыш тепловозбен жұмыс істеудің артықшылықтары өте көп екенін айтады. Ішінде тоңазытқыш, кондиционер сынды барлық тұрмыстық техникалары бар, негізінен компьютермен басқару жүйесі енгізілген. Сондықтан машинистер сол жағынан білімді болса, «Эволюшнмен» жұмыс істеудің еш қиындығы жоқ.

Маңғыстау станциясынан Өзенге жүргелі тұрған бүгінгі бригаданың көшбасшысы екінші сыныпты маңғыстаулық машинист Рысбай Қазиев.

– Әрине, жаңа тепловоздың ерекшеліктері өте көп. Жүргізу әлдеқайда жеңіл. Былай айтқанда, бұрынғы тепловоздардан кейін «шетелдік жеңіл машинаға» мінгендей күй кешесің», -деген ағамыз заманауи темір тұлпарды тізгіндеуге асықты

Райхан Рахметова

Маңғыстау

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер