Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Елбасымен жүздесті
1580 / 19.04.2013 12:02

Елбасымен жүздесті

Түркістандық ардагер-теміржолшы, бұрынғы машинист Әсетулла Кәрімов күні кеше Ақордада Елбасымен жүздесу бақытына ие болды. Сонау 60-шы жылдары Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқыған топтасы болған Әсекең кездесуден алған әсерін қуанышпен әңгімеледі.

- Назарбаев Қазақстан президенті болып сайланғаннан кейін, қайсыбір жылдары Түркістандағы Қазақ-түрік университетінде Түркия президенті Сүлеймен Димерел кездесетін болды. Ал ол кезде мен Түркістан локомотив пайдалану депосында тапжылмай 30 жылға таяу машинист болып еңбек етіп, әне-міне зейнетке шығамын деп жүрен кезім еді. Жергілікті халық университет маңына жинала бастаған соң, көптен қалмай мен де солай қарай бет алдым. Университетке кірер жолдың қос жақтауында қол бұлғап тұрған адамдардың арасынан маған да біркісілік орын табыла кетті. Мақсатым, кезінде бір шаңырақтың астында білім алған, бір дастарқан басында отырып ас ішкен құрдасым болған, бүгінде ел басқарып отырған арда азаматты жақыннан көру болатын. Кенет сүліктей қара машина қалың бұқараның алдына келіп тоқтап, Нұрекең қақ жарылған халық арасындағы жолмен университетке қарай жүріп келеді. Менің тұсыма жақындағанда, жұрттың арасында тұрған маған назар тоқтата қарап, бері қарай қадам басты. Менде ол кісіге қарай ыңғайланып қозғалдым. Қолымды қысып тұрып: «Каримов емессің бе?» дейді. Кеудемді қуаныш кернеп, сасқанымнан «ия», «ия» дей беріппін... Құдай-ау, ол кісі елдің назарында жүргендіктен, оны кім танимайды?! Есептеп қарасам, соңғы кездесуімізден кейінгі тап сол күнгі жүздесуіміздің арасында жарты ғасырға жуықтайтын, бақандай қырық жыл өткен екен. Мен осыған таңданып, оның мені бірден танығанына тәнті,- дейді Әсетулла ағамыз.

Сол жолы Елбасы жиыннан соң Әсекеңді қайта шақыртып алып, жеке отырып, біраз уақыт әңгіме-дүкен құрыпты. Ардагер ағамыз соншалықты жоғары билік дәрежеге қол жеткізе тұра, отыз жыл пойыз айдап, май-май болып жүрген топтасын ұмытпай, бұл жолы да байырғы жолдастары қатарына қосып, шақыру жіберген Елбасының қанша биік болса, сонша қарапайым да кішіпейіл екеніне ерекше тәнті екенін тағы да толғаныспен жеткізді. «Қазағымның «ұлық болсаң, кішік бол» дегені осы емес пе?! – дейді ардагер.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ (суретті түсірген автор)

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
2361 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1938 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер