Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1568 / 19.04.2013 10:59

«Толағайдан» тамашалаңыз

Сексеуіл станциясындағы локомотив пайдалану депосында еңбек ететін бірнеше машинистер отбасымен республикалық арналардың бірінде көрсетілетін отбасылық «Толағай» телеойынына қатыспақ.

Түсірілім маусым айында Астана қаласында өтеді. Сексеуіл локомотив пайдалану депосы кадрлар бөлімінің менеджері Мөлдір Шаңқұлованың айтуынша, бүгінде екі машинист отбасы мен кадрлар бөлімінен бір қызметкердің отбасы сайысқа қызу дайындалып жатыр.

– Жарысқа қатысушы теміржолшылар Астана қаласында бір апта болады. Оған әр отбасыдан үш адам - ата-анасы мен бір ойын баласы қатысу керек. Жол, жатын орын шығындарын мекеме басшылығы мен кәсіподақ комитеті көтереді, – дейді Мөлдір Шаңқұлова.

Жалпы Сексеуіл локомотив пайдалану депосының қызметкерлері қоғамдық шараларға белсене араласып жүреді екен. Өткен жылдары ұжым қызметкерлері арасында "Көңілділер мен тапқыштар клубы" ойындары ұйымдастырылған. Ал "Көктем аруы" секілді байқауларда арулар бақтарын сынап, ұжымын өз өнерлерімен тәнті етіп келеді. Барлығы 340 адам еңбек ететін депода татулық пен ынтымақ үйлесім тапқан.

Асқар АҚТІЛЕУ, Сексеуіл

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер