Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1644 / 16.04.2013 07:35

Бәрінен бұрын – еңбек қауіпсіздігі

Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау – теміржолшылар үшін ежелден сақталған үрдіс. Әйтсе де, соңғы кезде мамандар темір жол көлігінде, оның ішінде жылжымалы құрамға қатысты қауіпсіздіктің ақсап отырғанын жоққа шығармайды. Өткен ақпан айында «Локомотив» АҚ бойынша еңбек және өндірістік қауіпсіздік айлығының өтуі де осындай өзекті мәселеге қатысты екені анық.

Ақтоғай локомотив пайдалану депосы өз кезегінде, айлық аясында қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Бір айға созылған игілікті іс барысында «Бәрінен бұрын – еңбек қауіпсіздігі» ұраны ортаға тасталып, өндірістік жарақаттану деректерін азайту, еңбек ету жағдайын жақсарту амалдары кеңінен қарастырылды. Қажетті іс-шаралар жоспары құрылып, арнайы нұсқаулар таратылды. Кезектен тыс техникалық сабақтар локомотившілердің білімін жаңғыртып, біліктілігін ұштауға арналды. Құжаттар мазмұны байыпталып, тапсырылған міндеттерді мұқият жүзеге асыру деңгейі тексерілді.

Айлықтың жариялануы құзырлы мамандарға жұмыс орындарының талапқа сәйкестігін тағы бір мәрте саралап, кемшіліктерді талдауға мүмкіндік берді. Мәселен, өндірістік ғимараттар мен жайлардың санитарлық-тұрмыстық жағдайы, жол бойындағы қауіпсіздік белгілерінің, қоршаулардың ахуалы, құрал-жабдықтың жұмысқа жарамдылығы, жаңартылуы, теміржолшылардың жұмыс киімдерімен, жеке қорғаныс заттарымен қамтылуы сияқты өзекті мәселелер жіті таразыланды. Локомотив бригадаларының медициналық тексерістен өтуі де ерекше тексерілді. Анықталған олқылықтар, заң бұзушылықтар анықталып жатса, дереу жойылуы немесе шара қабылдануы жолға қойылды.

– Кәсіпорында жұмыс орындары аттестацияланды. Диэлектрлі қолғаптар сынақтан өткізілді, локомотивтер мен химиялық-техникалық зертхана медициналық қобдишамен, диэлектрлі кілемшемен, өрт сөндіргіш құралдармен, диэлектрлі қолғаптармен жарақталды. Филиал бойынша жұмысшылар жұмыс алды медициналық байқауда денсаулығы тексерілсе, оның ішінде 45 жұмысшы медицина мекемелерінде арнайы есепте тұр және жұмысқа рұқсат беру жөнінде анықтамалары бар. Арнайы сүт пен сусын өнімдерін зиянды жұмыс орнында істейтін 25 жұмысшы алады. Еңбек адамдары арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен, жеке қорғаныс заттарымен жан-жақты қамтамасыз етілген. Локомотившілерддің жыл сайынғы медициналық байқаудан уақтылы өтуі, мекемеде еңбекті қорғау нұсқаулықтарының уақтылы жүргізілуі қырағы бақылауда және де қызметкерлердің өндірістік қажеттіліктерге байланысты іссапарға автокөлікпен шығуына тыйым салатын бұйрық жарық көрді, – деп мәлімет берді Ақтоғай локомотив пайдалану депосының директоры Серік Ибраимов.

Депо аумағында ай сайын кемінде 8 рет еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық сабақ өтеді екен. Қызметтік өту жолдарының тазалығы мен техникалық сапасы тексеріліп, «Қызметтік өткел» белгісі жаңартылған. Мұндағы локомотив бригадаларына Ақтоғай локомотив сервис орталығының Ақтоғай, Бескөл, Достық станцияларында орналасқан демалыс үйлері қызмет көрсетіп, олардың дұрыс тынығып, демалуына толық мүмкіндік жасалған.

Ал биылғы жылға депо бойынша еңбек жағдайын оң келбетке енгізу және санитарлық сауықтыру шараларын ұйымдастыру мақсатында 12 іс-шара түзілгені мәлім болып отыр.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1750 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1495 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1357 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер