«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Жақында Маңғыстау локомотив пайдалану депосының техникалық оқыту кабинеті компьютермен жабдықталды. Локомотив бригадаларының білімін жетілдіруде нұсқаушылар жаңа тәсілге көшті.
Депоның оқыту жөніндегі машинист нұсқаушысы Жұмабек Аселов бастаған өзге де нұсқаушылар стенділердегі ережелерді түсіндіру, тақтаға жазу арқылы немесе проектормен бір компьютердегі оқыту бағдарламаларын ортақ экраннан көрсете отырып, сабақ береді. Сондай-ақ локомотивтерге барып тәжірибелік сабақтар өткізеді. Енді техникалық кабинетке алынған 10 компьютердегі үш бағдарлама арқылы әрбір машинист пен көмекші өз алдына бөлек оқып қана қоймай, тест сұрақтарына жауап беру арқылы да білімдерін сынайтын болды. Жауаптарына балдық есеппен компьютерде автоматты түрде баға қойылады.
- Әр компьютерлік жүйеге КЛУБ-У(УП), кранның жәрдемші тежегіші №254, машинист краны №395 оқыту курстарының электрондық түрі енгізілген.Мұнда жылжымалы құрамның автоматты тежегіші бойынша машинист кранының құрылымдық сызбалары жөнінде және кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысы туралы, олардың техникалық сипаттамасы, қолданылуы, жөнделуі, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және жалпы пайдалану ережелері жағынан барлық ақпаратты алуға болады. Бағдарламалардың әрқайсысынан алған білімді емтихан деген сілтемені басып, тест сұрақтарына жауап беру арқылы тексереміз, - дейді нұсқаушы.
Компьютерлік жүйемен оқыту - бүгінгі дәуір талабына сай тиімділігі бар тәсіл деп санайды оқыту жөніндегі нұсқаушылар. Қазірде салаға қатысты келіп жатқан кітаптардың да компьютерге электрондық нұсқасы енгізілген. Билет суырып немесе ауызша сұрақ қойғанда локомотив бригадалары соған ауызша жауап беретін. Сондықтан бүгінде тест түрінде сынақ алу жаңадан енуде. Жұмыстан бос кезде олар білімдерін арттыру үшін күнделікті осы кабинетке келіп дайындалады. Жұмабек Аселовтың айтуынша, дегенмен оқытудың ең жақсы тәсілі – тәжірибелік сабақтар. Сол себепті локомотив бригадаларының білімін жетілдіруде локомотивпен тікелей жұмыс істеуге баса назар аударылады.
Жалпы, ақпараттық технологиялар дәуірі салтанат құрған бүгінгі заманда қай саланы да компьютерсіз басқару жоқ, оның ішінде әрине темір жолы сынды техникалық салада оған деген қажеттілік екі есе артық. Соңғы кезде өндірісте пайда болып жатқан жаңа техникалар мен темір жол көліктері де компьютерлік жүйе арқылы басқарылады. Сондықтан маңғыстаулық машинистер техникалық сабақтардың компьютер көмегімен өтетінін құп көріп отыр.
Райхан Рахметова
Маңғыстау
Суретті түсірген автор
«Қазакстан теміржолшысы»
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...