ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Сәуірдің 10-нан бастап «Локомотив» АҚ филиалдары – локомотив пайдалану деполарында көктемгі комиссиялық байқау басталады.
Оған инвентарлық парктегі пайдалану жұмыстарына жегілген барлық темір тұлпарлар қатысып, сапқа қойылады. Байқау мақсаты шаруашылықтағы түйінді түйткілдерді анықтап, оларды жою мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп, тұтастай алғанда локомотивтерді алдағы көктемгі-жазғы маусымдық тасымал жұмысына сақадай сай етіп дайындау болмақ.
Байқау барысында темір тұлпарлардың барлық тораптары тыңғылықты тексеріледі, әсіресе өртке қарсы, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар мен қондырғыларға, желдеткіш жүйесіне айрықша назар аударылады. Көктемгі комиссиялық байқау барысы апта сайын селекторлық жиында қаралып, жалпы байқау 31 мамырда мәреге жетіп, қорытындысы 30 маусымда шығарылатын болады.
Мира ЕСЕНИНА
«Қазақстан теміржолшысы»
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...