«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау локомотив пайдалану депосының іс жүргізушісі Зияда Калиманова «Сен болмасаң, кім?» корпоративтік жастар лагері шарасынан жүлделі оралды. Көкше жерінде өткен шараның «Корпоративтік лагерь аруы мен сұлтаны-2013» байқауында Зияда екінші орынды иеленді.
Оның жетістігіне әріптестері де ерекше қуануда. Сұлулығымен қоса жан-жақты өнерін көрсетіп, түбек темір жолы жастарының белсенділігін танытқан аруды маңғыстаулықтар мақтан етеді. Қазақстан темір жолының жалындаған жастары төртінші рет бас қосқан жастар жиынына Маңғыстаудан Зиядамен қоса тағы бір топ жас теміржолшылар барды. Бағдарламасына сәйкес мәдени-көпшілік, спорттық және интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылған лагерьде Зияда волейбол жарысында да өзінің шебер ойыншы екенін танытқан. Ал арулар байқауында өзі жайлы дайындалған слайдтармен өмірі мен қызметі, ұжымын таныстыруда, сымбатына жарасқан кешкі киім үлгісін көрсетуде және шығыс биін орындап, өнерін паш етуде оның талантына ешкім шәк келтірмепті.
- Еліміздің түпкір-түпкірінен келген жас теміржолшылардың бәрі де белсенді, бәрі де дарынды еді. Әсем табиғатымен ерекше Бурабайда өткен бір апта ішінде сан алуан шараларға қатыса жүріп, бір-бірімізбен достасып кеттік. Қазақстан темір жолында еңбек етіп жатқан жастардың қарым-қабілетін көріп, болашақта олардың көбісінің өз еңбегімен салаға өлшеусіз қоса алатынына көз жеткіздік. Осындай мүмкіндік берген ауқымды шараны ұйымдастырушыларға көп рахмет! Алған әсеріміз шексіз! - дейді теміржолшы ару Зияда.
Локомотив депосында еңбек жолын екі жыл бұрын бастаған Зияданы ұжымдастары тиянақтылығы мен көптің көңілін таба білетін мінезі үшін жақсы көреді. Күнделікті депоға келетін кіріс-шығыс қағаздарды жинақтап, басшы мен қызметкерлердің және өзге мекемелердің арасында дәнекер болып жүрген оның өз мамандығына деген ынтасы жоғары. Отбасында да ортақ тақырып – темір жол. Себебі анасы Гүләйім – «Астана-Маңғыстау» пойызының жолсерігі, ал апасы Қамарай Маңғыстау станциясында тауар кассирі болып еңбек етеді.
Райхан Рахметова,
Маңғыстау
«Қазақстан темиржолшысы»
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...