Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1223 / 28.03.2013 10:29

Шығыстың шырайлы мерекесі

Әз Наурызда қыс бойы қабағы бір ашылмаған Семейдің күні ерекше жадырады. Маужырап масайрай қалған күн райы қатыңқы қабақ атаулыны да ашып, әр көңілдің қошын келтірді. Тойға жиналғандардың бәрі мырза мінез, бірімен бірі бауыр, туыс болып кеткендей...

Бір бірімен құшақ жая көрісіп, аман-саулық сұрасып жатқан халық та шат-шадыман, мерекелік көңіл-күйде. Қаз-қатар қонған киіз үйлердің бірінің тұсынан шырқай салған ән естілді. Әу деген әнге делебесі қозбайтын қазақ бар ма, елмен бірге солай біз де жөңкідік. Ән бастаған Семей локомотив пайдалану депосының әнші қыздары екен. Күн көзі жадырап, жылуын төгіп тұрған мына Наурыз тойына орай үкілі тақияларын киіп, шолпы-моншақтарын тағынып, қос етек көйлектері тұла бойларына жарасып, әрқайсысы өз мүмкіндігінше сән-салтанатын асырған қыздар халық әндерін бірінен соң бірін әуелетуде. Толассыз тасқындаған ерке ән талайды тебірентіп, талайдың делебесін қоздырды, жастықтың беті қайтпаған кейбір сылқым қыздар бұрала басып билей жөнеліп еді, оған көрермендер қосылып, думанды одан әрі қыздырып әкетті...

Кең даласы әндетіп тұратын бұл қазақ биді де әннен кем орындаған ба?! Әнмен ашық айтып жеткізе алмаған тұнық сырларын, құпия ой-армандарын, нәп-нәзік көңіл-күйлерін жастар келісті қимылмен, би тілімен білдіретін болған. Талайды таң қалдырып, тамсандырып жүрген анау «Қаражорға» биі қандай?! Бір адам емес, тіпті жүз емес, мың емес, сан мың биші қатысып, бір шашауы жоқ биді бір кісідей мінсіз орындаудың шеберлігін айтсаңызшы?! Мұндай бірегей қимыл, біртұтас ырғақ, би құдіретімен ғана тербеліп, би күшімен ғана шешімін табады. Басқа халықтарды білмеймін, ал біздің қазақ үшін ән мен бидің арғы атасы, түп төркіні біреу ғана. Оның аты – сезім. Кәдімгі ыстық сезім, өзіңді мас, көңіліңді жас қылатын іңкәр сезім. Сезімге құрылмаған ән де ән болып жарытпайды. Абай атамыз айтқандай, «құр айқай» болып шығады. Сезімге құрылмаса би де би болып оңдырмайды, құр тыртаң, одағай секіріске айналып кетеді. Локомотивші қыздар мен жігіттердің биі қай жағынан алсаңыз да үйлесіп-ақ тұр.

Наурыз мерекесі ой салған зерек көңілді көрермендер өздерімен бірге ілестіріп, қолдарынан жетектеп жүрген кішкентай бүлдіршіндеріне, немерелеріне көрген-білгендерін тәптіштеп түсіндіруде. Теміржолшылар аулына Наурыз тойын тойламаққа қыдырып келген қала қонақтары әр үйге бас сұғып, арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ақ тілектерін білдірді. Наурыз көже ішіліп, Наурыз бата беріліп жатты. Кішкентай көрермендер тәтті атаулыға бір қарық болды. Біз Семей локомотив пайдалану депосы кәсіподақ комитетінің төрағасы Марат Вахитұлын көтеріңкі көңіл-күй үстінде жолықтырдық:

– Әз Наурызымыз, ұлыс Наурызымыз, ұлық Наурызымыз бір кезде тұтқынға түсіп, дін мерекесі делініп 60 жыл бойы тұтқын болып келген екен. «Бостандық, Азаттық, Тәуелсіздік» деген ұлы сөздер қоғамды, заманды ғана емес, сананы сілкіп, наным-сенімді өзгертері, ақыл-ойды нұрландырары хақ. Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев заманында «Қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы», – деп шегелеп айтса да, құлақ асар адам болмапты. Бүкіл Қазақстан халқына, теміржолшы әріптестеріме Әз Наурыз мерекесі жақсылық жаршысы болып, ырыс, молшылық, тоқшылық, бейбітшілік, қуаныш, бақыт әкелсін демекпін! – деп ақжарма тілегін білдірді.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

«Қазақстан темиржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер