Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
 Машинист сыры
1409 / 20.03.2013 09:56

Машинист сыры

Астана локомотив пайдалану депосының манерв машинисі Бауыржан Әлібаев темір жолға әскерден соң, тепсе темір үзер шағында келіпті. Аягөз депосындағы машинист көмекшілерін оқытатын курсқа түсіп, алты айдан соң деподағы жөндеу цехына дизель слесарі болып жұмысқа тұрады.

Ол кездегі талап солай болатын. Тепловоздың «ішек-қарынын» білмей тұрып, көмекші қызметіне алмайтын. Тепловозды түгел ашып, қайта жинайтын бұл цехта Бауыржан үш ай бойы локомотивтің ішкі-сыртқы құрылысымен кеңінен танысып, тәжірибе жинақтайды. Сосын ғана машинист көмекшісінің екінші сыңары-дублері болып тағайындалады.

– Ондағы міндетім, медициналық тексерістен өткен соң тепловозды қабылдау, майын, суын қарау, тепловоздың саймандарын, болттарының ағытылып кетпеуін, білеуін балғамен соғып тексеру болатын. Мен дублер болып бір айдай жүрдім. Сосын азаматтығы мен кішіпейілділігі, даналығы мен байсалдылығы жарасқан Аманжол Дүтбаев деген машинистке көмекші болып тағайындалып, ол кісіден көп нәрсе үйрендім, – дейді кейіпкеріміз.

Әлімбаевтың жадында естен кетпес оқиға ретінде алғашқы сапары қалыпты. Аягөзден шыққан олар ұзақ жол жүріп Ақтоғайға келіпті, одан қайта Достыққа жолға шығады. Достыққа келгесін төрт сағат демалыс беріледі. Бірақ тепловозды тапсырып, демалыс үйіне келіп, жуынып шайынып, тамақтанам дегенше, үш сағат уақыттары өтіп кетіпті. Бір сағат тыныққандай болған олар қайта Аягөзге жолға шығады.

– Жол бойы бетімді суық сумен жуып, басымды терезеден далаға шығарып, қайта-қайта дизель орналасқан кабинаға барып, ұйықтамаудың амалын жасадым, – деп еске алады сол сапарын машинист жігіт.

Екі жылдан соң Бауыржан Есенғалиұлы тепловоздың оң қанатына отыру арманына бір қадам болса да жақындап, машинист курсын бітіріп, куәлігін алды. Жолаушылар колоннасының машинист-нұсқаушысы Амангелді Бұланов оны өздеріне жұмысқа шақырып, жолаушылар пойызы машинисінің көмекшісі қызметіне тағайындады. Бұл қызметті бақандай он жыл атқарған ол тепловоз тізгініне 2005 жылы бір-ақ отырған еді.

Ширек ғасырдай уақыт темір жол саласында еңбектеніп келе жатқан Бауыржанның елордасы Астана депосына ауысып, маневр машинисі болып жұмыс істеп жүргеніне де екі жылдан асыпты. Машинист көмекшісісіз жұмыс істейтін маневр машинисінің жауапкершілігі өте үлкен екені белгілі.

–Дөңеске кіре берісте пойыз құрамынан вагондарды тарқату, бағытталған станция бағдарындағы құрамға вагондарды тіркеу сияқты жұмыстарды атқару барысында аса қырағылық қажет. Бұл кезде екі қол, екі көз, екі құлақ бірдей жұмыс істейді. Сенетін де, көмекке шақыратын да адамың жоқ. Бір өзің. Өзге жылжымалы құраммен соқтығысып қалмауың, темір жолды тіке кесіп өтіп жататын адамдарды, қараусыз жүрген малдарды басып кетпеуің керек, сонау көктен жердегі қыбырлап, жыбырлаған қоян-түлкіні көретін қыранның қырағылығы қажет. Мені көптеген адамның болат жол бойында бейқам, алаңсыз жүретіні алаңдатады. Қазір көп жастар құлақтарына құлаққап киіп алып, әуен тыңдайды да, тіпті тепловоздың жер-көкті жарған даусын естімейді. Осындай қамсыз жүрген жандар өзіне өзі жасап, ауыр техниканың астына түседі. Ал енді жүріп келе жатқан пойыздың алдынан атып шығып, қасақана пойыз астына түсетіндер – өзін-өзі саналы түрде өлімге апаратындар өз әрекеттерінің машинист үшін қандай соққы, қандай күйзеліс екенін білсе ше, оқыс әрекеттен бас тартар ма еді? – деп ойлаймын кейде. Кейбір машинистердің осындай ауыр жағдайдан соң жұмыстарына қайта оралмай кетіп қалғандары да бар. Мен осындай ауыр жағдайға куә болып, бастан кешірген машинист ретінде айтып отырмын мұны, – деп күрсінген кейіпкеріміз барлық әріптестерінің сыры мен мұңын, тілегін білдіргендей болды.

Сұлугүл БАКЕСОВА

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1748 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1493 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1355 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер