Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1386 / 14.03.2013 09:23

Бірте-бірте жаңаруда

Шар локомотив пайдалану депосында осыдан бірнеше жыл бұрын тозығы жеткен ескі тепловоздардан құтылып, жаңа локомотивтерге қол жеткізу көкейкесті арманы болғаны жасырын емес.

Елордамыз Астанада америкалық-қазақстандық «Эволюшн» жүк тепловоздары шыға бастағалы ол арманның ақиқатқа айналары да белгілі бола бастаған. ТЭ33А сериясы жаңа тепловоз бұрынғы локомотивтерге қарағанда, ауаны ластайтын зиянды қалдықтарды 40 пайызға аз шығаратыны да, май мен жанармай үнемділігі де керемет. Локомотив бригадалары бір-бірінен естіп күні бұрын жаңа тепловоздың «жақсы қасиеттерін» тамсана айтысып жүрді. Ал отандық локомотивтер келе бастағанда машинистер түгел жаңа техниканың тілін меңеруге ұмтылды. Бүгінде Аякөз локомотив пайдалану депосы бойынша 57 «Эволюшн» тепловозы бар. Шардың локомотив бригадалары осы локомтивтермен жүк пойызын Шар - Семей, Шар - Аякөз, ал жолаушылар пойызын Шар - Локоть, Шар - Защита бағытында алып жүреді. 2013 жылға жолаушылар пойызын тартатын «Эволюшн» тепловозы да шығады деген сөз бар. Бұл тепловоздың да үлкен сұранысқа ие ие болып, әлі-ақ қолданысқа енері сөзсіз, бастысы ескінің орнын жаңа басып, бірте-бірте жаңаруда.

-ТЭ33А тепловоздарының жөндеу-аралық мерзімі 92 күнді құрауда, бұл өз кезегінде бұрынғы локомотивтерге қарағанда еңбек өнімділігінің артып, шығынды азайтуды қамтамасыз етті. Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың СКД-6 маневрлік тепловозын алғанымызды да айта кеткен жөн,- дейді Аякөз локомотив пайдалану депосы директорының Шар бойынша орынбасары Жұмабек Сайлаубекұлы Қалиасқаров.

Ерлан Ғазез, Семей

«Казакстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер