Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2651 / 14.03.2013 09:56

Медициналық тексеру - маңызды мәселе

Өндірістегі негізгі міндет әрбір жұмыс орнында қауіпсіз жағдай туғызу, өндірістік жарақаттың алдын алу және оны болғызбау шараларын жүргізу болып табылады. Осы жұмыстың дұрыс жолға қойылып, жоғары дәрежеде жүргізілуі мақсатында ақпан айында «Локомотив» АҚ филиалдарында «Ең бастысы – еңбек қауіпсіздігі» айлығы өтті.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша жүргізілген айлық шеңберінде Атырау және Мақат локомотив пайдалану деполары басшыларының шешімімен Атырау локомотив пайдалану депосында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған еңбек қорғау инспекторлары, заң кеңесшісі, кәсіподақ ұйымы, темір жол медицинасы өкілдері қатысты.

-Бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің бірі - кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасын сақтау екені бәрімізге мәлім. Ал осы мәселені мұқият шешудің басты факторларының бірі жұмысшылардың еңбегін қорғау мен демалысын ұйымдастыру, уақтылы кезеңдік медициналық тексеруден өткізу болып табылады. Біздің кәсіпорындардағы жұмысшылардың 85 пайызы локомотив бригадаларында еңбек ететін тепловоз машинистері мен машинист көмекшілері және олардың жұмыс жағдайлары қауіпті болып есептеледі,- деген Атырау локомотив пайдалану депосының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының жетекші инженері Аманжол Шоқамбаев еңбек қорғау жөніндегі шаралар жоспарлы және кешенді түрде жүзеге асырылып отырғандықтан Атырау депосының тепловоз машинистері мен машинист көмекшілерінің арасында 2006 жылдан бері жазатайым оқиғалар тіркелмегенін жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында құзырлы орган өкілдеріне еңбек қорғау шараларына қатысты сауалдар қойылды. Олар, әсіресе, медицина тақырыбының төңірегінде болды. А.Шоқамбаевтың айтуынша, «Локомотив» АҚ мен «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ арасындағы жұмысшыларды міндетті кезеңдік медициналық тексеру бойынша жасақтаған келісім-шарт талаптары бұзылып отыр. Шартта көрсетілгендей барлық аурулар мен оларға көрсетілетін ем мен медициналық аппарат түрлері көрсетілген, десе де емхана дәрігерлері «біз басқа да аппараттарды қолдандық» деп сол үшін қосымша ақы талап етеді. Қан қысымының жоғарлығына сәйкес диспансерлік тізімде тұрған локомотив бригадаларының 6 ай сайын тексеруден өтуі және сол тексеруден өту кезінде оларды қайтадан сол тізімге алып, қолдарына анықтама бергендері үшін 1700 теңгеден төлемақы алуы да орынсыз деп есептейді локомотившілер. Аталған мәселелерге қатысты медицина өкілдері тұшымды жауап бере алмады. Қазірде осы мәселелер екі жақты қаралу үстінде.

Локомотив пайдалану депосында өткен жыл қорытындысы бойынша жазатайым жарақат алу жағдайы кездеспеген. Аталған мерзім ішінде еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген 4067,1 мың теңге толықтай игерілген. Қорғаныш құралдарын сынау, локомотивтерде жарық беру плафондарын қондыру және алмастыру, желдеткіштерді жөндеу, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген. Ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен, медициналық қорапша, басқа да құралдармен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған.

«Локомотив» АҚ бойынша орын алған әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақтылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Ауысымға шығар алдында және одан кейін машинистердің денсаулығын, қан қысымын, ішімдік ішкен-ішпегендігін, т.б. тексеріп отыратын, ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететтін арнайы бөлмеде медбике жұмыс жасайды.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

«Казакстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер