«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Маңғыстаудағы локомотив депосы мен оның айналымдарында 2013 жыл – Білім жылы болып жарияланып отыр. Осыған орай жыл ішінде Маңғыстау станциясындағы депо, оның Бейнеу және Өзен станциясындағы айналымдары арасында білім сайыстары өткізілмек.
Тәжірибелі теміржолшы Назархан Лұқманов басшылық ететін Бейнеу айналым депосының локомотив бригадалары сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіске жетуге дайындық жүргізуде. Машинистер мен олардың көмекшілерінің кәсіби білімі мен тәжірибесін шыңдай түсу үшін білім жылы аясында бірқатар шаралар өтуде. Үш станциядағы локомотив бригадаларының білім деңгейін анықтау - оларға сынақтар тест сұрақтарына жауап беру және тәжірибе жүзінде де тапсырмаларды орындау арқылы жүргізілмек. Елу жылдық тарихы бар Бейнеу айналым депосының ұжымы мұны қуана құптап отыр.
Бүгінде айналымда 316 адам еңбек етеді. 136 машинист және 123 машинист көмекшілерінің сапары тоғыз жолдың торабы Бейнеу станциясынан үш бағытта жолаушы және жүк вагондарын тасымалдаумен болат жолдың үстінде өтуде. Бейнеу-Мақат, Бейнеу-Қарақалпакия, Бейнеу-Сайөтес бағытына енді екі жылдан соң Бейнеу-Шалқар бағыты қосылса, айналым депосына артылар жұмыс ауқымы еселене түспек. Қазірден айналымның депо ретінде қайта құрылатындығы жайлы әңгіме айтылып жүр.
- Айналым депосының ұжымын бейнеуліктер құрайды. Жарақтандыру, жабдықтау жағы жылдан жылға жақсаруда. Былтыр техникалық кабинетіміз бен акт залымызды жөндеп, керекті құралдар мен жиһаздар алдық. Бекітілген тепловоздардан 14 магистральдық, 6 маневрлық, 5 жолаушылар таситын тепловозымыз бар. Бейнеу айналым депосы Маңғыстаудағы жүк тасымалы көрсеткішіне өте зор үлес қосып келеді. Былтыр ақаусыз жұмыс істеп шықтық. Бес жас машинист көмекшісін машинистке өткіздік. Жүк, жолаушылар қозғалысы және маневрлық жұмыстар бойынша жақсы жетістіктерге жеттік,-дейді Маңғыстау пайдалану локомотив депосы директорының Бейнеу айналым депосы бойынша орынбасары Назархан Лұқманов.
Былтыр мал басу фактілері тіркелмегенімен, жолға шығып кеткен мал үшін машинистердің жедел тежегіш басу жағдайлары көп кездескн. Сондықтан айналым депосының ұжымы биыл да темір жолға жақын орналасқан малы бар елді-мекендерге ай сайын жеделхат жіберіп, ауыл мектептерінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізуді жалғастырып отыр.
Райхан Рахметова
Маңғыстау
«Казакстан теміржолшысы»
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...