Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1394 / 07.02.2013 10:53

Нұсқама таспа арқылы беріледі

Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшылығы машинистерге нұсқаулық беретін арнайы орындар ашып, құрылғылар орнатты.

Бұрын жұмыс сапарымен жолға шығатын машинист пен оның көмекшісіне нұсқаулықты кезекшіліктегі мамандар беріп, қауіпсіздік пен өзге де жайларды түсіндіретін болса, енді осы нұсқаулықтар мен ескертпелер қазақ және орыс тілінде аудио таспаға басылып, арнайы орынға қойылған күйтабақтар арқылы тыңдатылады. Әрбір машинист пен оның көмекшісі алып көлік тізгініне отырардан бұрын осы таспаны арнайы құлаққап аппаратымен тыңдап, танысуға қол жеткізбек.

«Бұл жол қауіпсіздігін сақтау, нұсқаулықты толық әрі егжей-тегжейлі түсіндіру үшін ең тиімді әдіс болып отыр, сонымен қатар жоспарға қарай өзгеріп, әбден тексерістен өткізіліп барып, басылатын таспа нұсқаулықта айтылу, ескертілу керек жайттарды ұмыт қалдырмайды», дейді мамандар. Мұның машинистерге де қолайлы болып отырғанын айта кету керек. Себебі, кейде нұсқаулық беретін кезекшілердің уақыты болмай қалады, не өзге мәселелермен қолы тимейді. Ал, үнтаспа болса, қай уақытта да тетігін бассаң сарнап қоя береді.

Сонымен қатар еңбек демалысынан келген машинистер өздері жоқ кезде орын алған оқиғалар мен жайттарды арнайы бөлмеге орналастырылған үлкен экраннан көріп, өзгелердің қателіктерінен бейнебаян арқылы сабақ алатын болады.

Бұл жаңа технологияның жемісі, нұсқаулық беру, ескерту, қауіпсіздікті сақтаудағы сапалы бастамалардың бірі екені сөзсіз. Нәтижесі - алдағы күн еншісінде.

Сәкен Мінуарұлы

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер