Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1377 / 07.02.2013 10:50

Қатаң шаралар қабылданды

Атырау локомотив пайдалану депосында локомотив бригадаларымен апта сайын өтіп тұратын жоспарлы мәжілісте қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларына қатысты көптеген мәселелер талқыланды.

Әсіресе, «Қауіпсіздік күні» шарасын өткізу барысындағы кемшіліктер сынға алынды. Қауіпсіздік күнінде депо кезекшісінің, наряд берушінің жұмыстары, локомотив бригадаларының жұмыс алдындағы дәрігерлік байқаудан өтулері, тепловозды №2ТҚК циклынан қабылдап алу, тракционды жолдармен жүруі мен пойыз құрамасына тіркелуін қамтамасыз ету, басқа да жағдайлар қаралды. Алайда, тексеру нәтижесі көрсеткеніндей, кейбір талаптардың дұрыс орындалмайтыны анықталды. Мәселен, Атырау – Мақат – Атырау телімінде қатынайтын 2ТЭ10У-0027 тепловозының машинисі тежеуді жіберген бойда дизельге қуат берген. Сондай-ақ, 460-шы шақырымдағы бұрылыста құраманың жағдайын тексермеген. Машинист көмекшісі сөйлесу регламентін талапқа сай пайдаланбайды. Жалпы тепловозды қабылдау алу барысында оның жарамдылығы жан-жақты тексерілмейді.

Сондай «сенім» арту салдарынан қауіпсіздікке нұқсан келеді. Кей тепловоздардың машинист көмекшісі жағынан №254 кранының фиксаторы болмаған, кабина есіктері жабылмайды. Махамбет станциясында ТЭМ2-7870 тепловозының жанармай қысымының манометрі көрсетпеген. Кейбір машинист көмекшілері тепловоз құрылысын нашар біледі, сөйлесу регламентінің тәртібін білмейтіндері де бар. Жиынды қорытындылау барасында депо директоры Қуаныш Таутанов тәртіп бұзғандарға тиісті жаза тағайындап, ескертуден бастап қатаң сөгіс жариялады.

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

«Қазақстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1775 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1517 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1380 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер