Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2075 / 02.02.2013 16:32

Жаңа басшы тағайындалды

Қандыағаш локомотив пайдалану депосына қарасты Әйтеке би айналым депосы үшін жаңа жыл жаңа басшымен басталды. Өткен аптада аймақтағы темір жол бөлімшесінің басшылығы ұжым қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды.

Алмат Мақашев теміржолшылар отбасынан шыққан азамат. Сондықтан сала тірлігімен етене таныс. Жас жігітке үлкен сенім білдіріліп отыр.

– Жалпы темір жол саласындағы еңбек жолым 2000 жылдан бастау алады. Әуелі машинист көмекшісі болдым. Араға үш жыл салып, машинист болып біліктілігімді көтердім. Соңғы бес-алты жылдың көлемінде машинист-нұсқаушы қызметін атқардым, - деп бастады әңгімесін ол. - Осыған дейін Шұбарқұдық айналым депосында еңбек етіп келген едім. Таяу күндері басшылық тарапынан Әйтеке би айналым депосын басқару жөнінде ұсыныс жасады. Ұсыныстан бас тартпайтынымды білдіріп, арызымызды жаздым.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық станциясында туып-өскен Алмат алдымен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқып бітіріп, экономист мамандығын алған. Содан кейін Қазақ жол қатынастары университетінің «Локомотив шаруашылығы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Екінші сыныпты машинист деген біліктілігі тағы бар. Отбасылы.

Жаңа басшы жаңа қызметте бар мүмкіндігі мен күшін салып жұмыс жасайтынын жеткізді. Қауіпсіздік жөніндегі ревизор, мәселен, басты назарда қауіпсіздікті сақтау керектігін шегелеп тапсырғанға ұқсайды. Ақтөбе жол бөлімшесінің басшылығы Жарас Ізғұлов аймақ темір жолына жастардың жауапты жұмысқа тағайындалуы оларға жүктеліп отырған үлкен сенім мен жауапкершілік екенін ескертіп, жас басшыға жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Асқар АҚТІЛЕУ, Әйтеке би

Қазақстан теміржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
2361 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1938 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер