Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жемнің тәжірибелі депо кезекшісі
1444 / 02.02.2013 16:32

Жемнің тәжірибелі депо кезекшісі

Локомотив пайдалану депосының барлық тыныс-тірлігін бақылап, реттеп отыратын қызмет иелері – депо кезекшілері. Олар ауысым бойы және түнгі уақытта депо басшысының міндеттерін орындайды.

Осыдан-ақ, бұл мамандық иелеріне жүктелген жауапкершілікті салмақтай беріңіз... Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Батеген Төлегенов депо кезекшісі қызметіне отызға жуық ғұмырын арнаған майталман маман.

Жалпы Бәкең Жем локомотив пайдалану депосында қырық жылдан астам уақыт ат ауыстырмай еңбек етіп келеді. Білікті маманның қоржынындағы қаптаған алғыс хаттар мен мақтау қағаздары оның жылдар тезінде төккен терінің жемісі болса, «Адал еңбегі үшін» медалы оның абыройлы еңбегінің әділ бағасы.

– Ең бастысы, локомотив бригадаларының демалысының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау керек. Сондай-ақ, айналым пункттерінде олардың бекітілген уақыт нормасынан тыс жолға шықпауын бақылау қажет. Ұзақ уақыт пойызды жүргізетін машинистерге де, олардың көмекшілеріне де артық салмақ түсіруге болмайды. Біз жұмысқа түскелі отырған машинистке бағдар береміз де, оны алдымен медициналық тексерістен өтуге жібереміз. Машинистерге локомотивті басқару құқығына куәлік, ескерту талоны, пойыздар қозғалысының кестесі, рұқсат етілген жылдамдықтар туралы көшірме, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану барысындағы қауіпсіздік куәлігі, медициналық байқаудан өтіп, жұмысқа жарамды деген кепілдік берілгеннен кейін беріледі. Жұмысқа түсер алдында міндетті түрде нұсқама жүргізіледі, – дейді Бәкең қызметінің қыр-сырымен бөлісіп.

Батеген Төлегеновпен қырық жылдай қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқан аға нарядшы Зылиха Нұржанованың да бұл мекемеде жұмыс істеп келе жатқанына ширек ғасырдан асқан. Оның айтуынша, бұл мамандық иелеріне жүктелетін міндет көп көрінеді. Бірақ, ең бастысы, уақыт мөлшерін реттеу. Мәселен, кесте бойынша еңбек демалысына шығару, демалыс, іссапар құжаттарын, сырқаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығын анықтап, оларды тіркеу осы нарядшылар мойнында екен. Мұның сыртында, апта сайын Ақтөбе мен Астана қалаларындағы басқарма алдында есеп беріп отырады екен.

Зылиха Нұржанова ең тәжірибелі депо кезекшісі Батеген Төлегеновтың еңбегін аса жоғары бағалайды, сөз арасында ұжым ардагерді жуырда құрметті демалысқа, зейнеткерлікке шығарып салуға дайындалып жатқандарын айтты.

Бәкең сынды білікті маман – қай депоның да мақтанышы. Ұзақ жыл депоның өндірістік көрсеткіштерінің өрлеуіне үлес қосқан маман құрметті демалысын сәнді де мәнді етіп өткізуі үшін әріптестері барлық мүмкіндікті жасамақ.

Аманбай ҚОНАҚБАЕВ, Ембі қаласы

Қазақстан теміржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер