Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2108 / 02.02.2013 16:30

Жолдан өту ережелерін сақтайық...

Арыс локомотив пайдалану депосына қарасты №16 Шымкент айналым депосының ұжымы пойыз қозғалысы қауіпсіздігін әсіресе, жолдан өту ережелерін сақтау бағытында нақты іс-шараларды жүзеге асырып келе жатқанына қарамастан келеңсіз оқиғалардың, жол ережелерін сақтамау фактілерінің орын алып отырғанын айтады.

Өткен жылы темір жол бойында орналасқан елді-мекендер тұрғындары мен студенттер, мектеп оқушылары арасында «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт–насихат, түсінік жұмыстары жүргізіліпті. Жылдың соңғы айында «Жол үстінде – адам!» деген қауіпсіздік айлығы ұйымдастырылыпты. Барлық жерлерге жолдан өту ережелері жазылған көрнекті құралдар ілініп, парақшалар таратылған. Десек те, пойыздың ірі қара малмен, автокөліктермен соқтығысу, адамдарды әсіресе, жас балалар мен жасөспірімдерді қағып кету оқиғалары азаймай отыр. Айналым депосының директоры Кенжехан Іскендіров пен еңбек қорғау жөніндегі инженері Әділхан Әметханов бастаған жұмыс тобы жақында Шымкент қаласындағы №79 мектептің мұғалімдерімен, оқушыларымен кездесті. Мұнда депо директоры қордаланған мәселелерді ортаға салды. Өз кезегінде мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға сабақтан тыс кезінде жолдан өту ережелерін үнемі түсіндіріп отыратындарын жеткізді.

– Пойыз құрамы тежегішті баса сала, тоқтай салатын автокөлік емес. Жұртшылық мұны жақсы білуі тиіс. Үлкен-кіші темір жолдан өту ережесін қатаң сақтап, арнайы жерлерден өтіп, сондай-ақ, малдарын қараусыз жібермесе, қайғылы оқиғалар қатары сиреп, машинистердің де жүйкесіне салмақ түспес еді. Әрине, біз ұжым болып, қозғалыс қауіпсіздігін, жолда жүру ережелерін сақтау бағытында түсінік жұмыстарын жалғастыра береміз, – дейді Кенжехан Іскендіров.

Бекзаттар ДІНӘСЛОВ, Шымкент

Қазақстан теміржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер