Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ата кәсібін жалғастырған
1599 / 02.02.2013 16:29

Ата кәсібін жалғастырған

Маңғыстаулық үшінші сыныпты машинист Айдынғали Боранов әкесінің жолын қуған теміржолшы. 37 жасында қайтыс болған әкесі Үсен – түбектің тәжірибелі машинистерінің бірі болған.

Соның арқасында болар, өзге балалар ойыншық паровоздарды жетелеп жүргенде, бұл жеті-сегіздерге келіп қалған жасында шын тепловоздың іші–сырты қандай болатынын, қалай жүретінін көріп өсіпті.

– Маңғыстауда туып-өсіп, білім алдым, енді жастық күш жігерімді теміржол саласына еңбек етуге арнап жүрген теміржолшылардың бірімін. Әкем қайтыс болғанда, артында анаммен бірге бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған үш бала қалдық. Есейе келе әке жолын таңдадым. Бала кезден көріп өскен алып көлікті енді өзім жүргізіп жүрмін. Әлі есімде, әкем Өзенге қарай жүрер сапарында бізді тепловозымен ала кететін. Жолда Ералиево станциясында нағашыларымыз тұрады, сонда қалдырып, қайтар жолында алып келетін. Менің темір тұлпарға бала кезден көңілім ауып тұрды. Әкемнің рұқсатымен тепловоз кабинасындағы түрлі басқару тетіктерін ұстап қарап, өзімше жүргізіп келе жатқандай сезімде болатынмын. Құдайға шүкір, қазір әке салған сүрлеумен тепловозды өзім жүргізетін дәрежеге жеттім, мұнымды мақтан тұтамын, –дейді машинист.

Айдынғали ағамыз мектеп бітіре салысымен көп ойланбай бірден сырттай тасымалды ұйымдастыру бойынша жоғары білім алуға, оқуға құжат тапсырыпты. Еңбек жолын автоматшы-слесарь қызметінен бастаған. Ал өзінің бала кезгі арманына 2005 жылы қол жеткізіпті. Сол жылы Ақтөбе темір жол мектебінде машинист көмекшісі қызметі бойынша бес айлық курсқа барып, оны бітіргесін екі жылдай Асылбек Наурызбаев секілді тәлімгерлік еткен ағаларының қасында жүріп машинист көмекшісі қызметін атқарады. Арманы асқақ алғыр жігіт көмекші бола жүріп, машинист қызметінің қыр-сырына қаныға бастайды. Содан ол алты айлық курс оқып, машинист атағын алып, төрт жылдан бері еңбек етіп келеді. Әзірге жүк тасымалдайтын тепловоздарды басқарса, осы жылы тағы да оқып, жолаушы тасымалдайтын екінші сыныпты машинист болуды көздеп жүр.

Білікті маман жұмыстан бөлек қоғамдық шараларға да жиі қатысады. Мәселен, оның жастайынан спортқа жақындығы, әсіресе футболды шебер ойнайтындығы жұмыста да көп көмегін тигізді. Бөлімшеде мекемелер аралық жарыстарда бас бәйгені ешкімге бермейтін ТЧ мекемесінің футболшылар командасында Айдынғали алдыңғы шепте жүретін белсенді спортшының бірі. Салауатты өмір салтын сақтап, кәсібилігі және білімділігі жағынан озық машинист алар асулары алда екеніне сенімді.

Райхан РАХМЕТОВА, Маңғыстау

Қазақстан теміржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер