Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1158 / 14.01.2013 00:00

Бірлескен жоба жемісі

Темір жол бойындағы бақытсыз жағдайлардың алдын алуды мақсат тұтқан шара аясында Жем локомотив пайдалану депосының кәсіподақ комитеті креативті жобаларды қолға ала бастады.

Мысалы, Мұғалжар ауданындағы төрт орта мектептің 200-ден астам оқушысы жол бойының қауіпсіздігі тақырыбына түрлі суреттер салып, шығармалар жазды. Депо кәсіподағы комитетінің төрағасы Нұрлан Өтесейітовтің хабарлауынша, локомотив пайдалану депосының ұжымы таяуда мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, қауіпсіздік тақырыбында арнайы жиын өткен.

Жыл басталғалы ел аумағында темір жол бойында жүзге тарта адам пойызға соқтыққан оқиға орын алса, соның ішінде көбіне зардап шеккен балалар екен. Бақытсыз оқиғалар, сөз алғандардың пайымынша, негізінен каникул кезінде болатын көрінеді. Басты себептердің бірі — қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау.

Сондықтан шарт бойынша балалар қыл қаламның көмегімен қауіпсіздік тақырыбында суреттер салып, шама-шарқынша өз түсінгендері жайлы шығармалар жазудан сынға түсті. Шараға аудан бойынша төрт мектептен 231 оқушы жұмылдырылды. Ал локомотившілер оларға әділқазылық етіп, өз шешімдерін білдірді.

Бекбол Құлдан, Ақтөбе
«Казахстан теміржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер