Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2441 / 27.12.2012 00:00

Депо кезеншісі - ауысын жетекшісі

Депо кезекшісі – ауысым жетекшісі

Локомотив бригадаларының жұмысын үйлестіруде ауысымдық депо кезекшілерінің қызметі де маңызды саналады. Маңғыстау локомотив пайдалану депосының кезекшісі Бақтияр Тоғызбаевтың темір жолда еңбек етіп жүргеніне 16 жыл болса, соңғы екі жылдан бері кезекшілік қызметті атқарып келеді.

Күнделікті қарбалас тірлігі таусылмайтын кезекшілер қызметінде бір тыным жоқ. Өйткені, станцияға келіп-кетіп жатқан пойыздар ағымы толассыз. Депо кезекшісі ретінде Бақтияр Тоғызбаев жол жүріп бара жатқан немесе тоқтап, кезегін күтіп тұрған пойыз құрамаларының жағдайын, машинистер мен олардың көмекшілерінің көңіл күйі мен денсаулығын, келетін бригадаларды қарсы алу, орналастыру, сапарға аттанатындарды шығарып салу т.т. локомотив депосының шым-шытырық тірлігін осы жерден реттеп, басқарып отырады. Станция кезекшісі, диспетчерлермен байланысып, нұсқаушылар және наряд түзушілермен қоян-қолтық жұмыс істейді. Ақтау қаласында туып, білім алған кейіпкеріміз мектеп бітіргеннен кейін осы депода слесарь болып еңбек жолын бастаған. Бертін келе машинист мамандығына оқып, біраз уақыт машинист көмекшісі, локомотивтерге ТО-2 қызметін көрсететін цех шебері болып жұмыс істейді. Локомотив бригадаларының жұмысын жақсы білгендігінің арқасында қазіргі жұмысын бірден игеріп кетті.

–Біздің жұмысымыздың, яғни локомотив деполарындағы басты «кейіпкерлер» –машинистер. Ал депо кезекшілері сол машинистердің жұмысын реттеп отырады. Біз үшін ауысымда күн мен түннің айырмашылығы жоқ, уақыттың қалай өткенін де білмей қаласың. Локомотив бригадалары бір жағы Оазис, бір жағы Опорный және Болашақ станциялары аралығындағы шойын жолда тепловоздарды жүргізіп келеді. Сонымен бірге станция басында пойыз құрамаларын жасақтап, жүк тиелген вагондар мен платформаларды жинап-тарату т.б. жұмыстарды атқаратын маневрлік тепловоздар бар. Осы локомотивтердің машинистері мен олардың көмекшілерінің жұмысын үйлестіру – кезекшінің міндеті,–дейді Бақтияр Қойшыбайұлы.

Райхан Рахметова

Маңғыстау

Қолданыстағы парк жаңаруда

Семей жол бөлімшесі – ел темір жолындағы тасымал процесінде өзіндік орны бар аймақтық бөлімшелердің бірі. Сол тонналап жүк тиеген құрамаларды «Локомотив» АҚ филиалы - Семей локомотив пайдалану депосының қосып отырған үлесі зор.

Депо директоры Дәулет Ыдырысов қазіргі уақытта Семей локомотив депосы уақыт талабына сай жаңа тепловоздармен жабдықталып, локомотив паркін жаңартып жатқанын қуана жеткізді. 500-ге тарта жұмысшысы бар депо Семей – Шар, Семей – Локоть, Семей – Дегелең – Ақсу-1 телімдеріне қызмет көрсетеді. Жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз етуде аянбай тер төгіп жүрген төрт жүзге жуық машинист пен машинист көмекшілері биылғы қыстан қамсыз, себебі, бірінші кезекте локомотив бригадалары түгел арнайы жылы киім-кешекпен және маусымдық жылы аяқ киімдермен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

- Бүгінгі таңда біздің өндірістік паркте барлығы 25 локомотив бар, магистралдық 9, маневрлік 16 локомотив түгел жауапты маусым алдында жан-жақты бақылаудан өтті. Қыркүйек айында өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша депо жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, локомотив бригадалары қаржылай марапатқа ие болды. Локомотившілердің басты көрсеткіші – техникалық жылдамдық, тәуіліктік жүру жылдамдығы мен пойыздың орташа салмағы, тәуліктік өнімділіктен құралады десек, бұлардың барлығы күткен жоспардан асып жығылды. Айталық, техникалық жылдамдық жоспары 100,1 пайызға орындалса, өткен жылмен салыстырғанда, 102 пайызға артқаны байқалады. Оның ішінде, тепловоздардың техникалық жылдамдығы – 103 пайызды құрап, тәуіліктік орташа жылдамдықты 100, тәуіліктік өнімділікті 100,1 пайызға асыра орындадық,- деп мәлімет берді депо директоры Дәулет Тайтөлеуұлы.

-Біздің қолданыстағы локомотивтердің көбінің тозығы жеткенін, тек жамап-жасқаудың арқасында жөндеп жасаудың арқасында қызметтік мерзімі ұзартылып, пайдалануда жүргенін ескерсек, жауапкершілік жүгі екі есе артады. Бүгінгі күні әлем жүрдектігі жоғары әрі жайлы қозғалыс көліктеріне көшіп жатыр. Өндіріске озық технологияларды енгізуге және еңбеккерлердің ой-өрісін кеңейтуге, тартымдық жылжымалы құрамның техникалық жағдайын жақсарту бағытында локомотив паркін жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Астанадағы "Локомотив құрастыру зауытында" шығарылған отандық ТЭ33А сериялы тепловоздарының бізге де жетіп, қолданысқа енгізілуі локомотив бригадаларының еңбек жағдайының жақсаруына айтарлықтай септігін тигізді, - дейді депоның техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері С.Қазкенұлы.

«Локомотившілер шаңырағының» басшысы Дәулет Ыдырысов осы салада 40 жылға жуық тер төгіп, кәсібилігін әріптестері баяғыда мойындаған маман. Сондай-ақ, тек теміржолшылардан тұратын, оның ішінде тұтас локомотившілер отбасын қалыптастырып отырған әкелі-балалы Трайсбаевтар, ағайынды Манабаевтар, Жұмықбаевтар сынды машинистер әулетінің пайда болуы, кәсіпке деген құрмет пен сенімді паш етсе керек.

Қазақстандық тепловоз – машинистер мақтанышы

Семей локомотив депосының тәжірибелі машинисті Мұрат Дүтпаевқа ТЭ33А сериялы су жаңа отандық тепловоздың тізгінін ұстау бақыты бұйырыпты. Машинист жігіт темір тұлпарының жұмысына өте риза, жетістіктерін айтып тауыса алмайды.

-Басты ерекшелігі - техникалық сапалылығында, бұрынғысы екі секциялы болса, мұнда біреуге алмастырылған. Компьютерлендірілген жүйе жұмысты жеңілдеткені өз алдына, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы зор, айталық, межелі жылдамдықты тұрақтандыратыны. Кабинаның іші қыста жылы, жазда салқын күйде сақталады, мұздатқышы тағамдардың бұзылмауына, арнайы пеш оны жылытуға мүмкіндік береді. Машинист көмекшісінің де жұмысы оңтайландырылған - жекелей алдында тежегіші, рациялық тұтқасы, бағдаршам мен ысқырғыш құралы да орнатылған. Терезесі сырттағы шуылды сездіртпейді, жарығы 1 км қашықтыққа жетеді, екі жақ қырынан да жарық шашады. Бұл өз кезегінде апатты жағдайлардың болмауына ықпал бермек. Қысқасы, мұндай керемет ақылды техниканың отаны біздің ел екенін мақтаныш етеміз, – деп сипаттама берді ол темір жолдың төлтума өніміне баға беріп.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Мұрат

Локомотив депосында 15 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі машинист Мұрат Дүтпаевқа су жаңа отандық локомотивтің тізгінін ұстау бақыты бұйырыпты. Темір тұлпарының жұмысына өте риза, жетістіктерін айтып тауыса алмайды.

Жүкті не жолаушыны тиісті нүктеге дер кезінде, еш кедергісіз жеткізу тепловоздар паркін жаңарту нәтижесінде оңтайландырылды деуге болады,- Елбасының жақында халыққа Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы Үндеуіне үн қосудағы Мұраттың пікірі мынадай: жұмыссыз жүрген жастардың әсіресе басымы жұмысшы ретіндегі мамандықтарда еңбектенуге асықпайды. Жаңа біліктілікті меңгергілері келмейді, аз күш жұмсап, бірден көп жалақысы бар жерге жайғасқанға құштар. Бастапқыда нәпақасы мардымсыз болғанымен, артынша машинистер даярлау курсынан өтіп, өндірістен қол үзбей жүріп Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясын, локомотив шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітіріп, біліктілік арттыру курстарынан өтіп машинист атанып темір тұлпардың құлағын ұстағаннан бері, жалақысы өскен, жұмысқа деген құлшынысы да еселеп артқан. Айналымдағы қалтқысыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бастысы ел алдында жауапты екендігін түсінеді. Мұрат, сондықтан сүйікті ісіне тыңғылықты қарауға тырысады.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Тәлімді сабақ алды

«Локомотив» АҚ филиалы Астана локомотив пайдалану депосының қызметкерлері Елордадағы №36 мектептің оқушыларымен кездесіп, жас жеткіншектерге темір жол бойындағы қауіп-қатер жөнінде әңгімелеп, сақ болуға шақырды.

Мектепті аралап жүріп, әр сыныптың оқушыларымен сабақ өтетін бөлмелерінде кездескен депо қызметкерлері, қауіпсіздік жөніндегі инженерлер мен мамандар темір жол мен ол аумақтағы қауіпті орындар туралы небір қызықты да қорқынышты оқиғаларды баяндады. Күнделікті өмірден алынған оқиғалар балаларды бей-жай қалдырмады, теміржолшы ағаларын ынта қойып ұйып тыңдаған оқушылар көкейдегі сұрақтарын да қойып, қауіпті аумақта басты қатерге тікпей, абай болудың қыр-сырына қанықты.

Оқушыларға темір жолдағы қатер жөнінде әңгімелеген Астана локомотив пайдалану депосы директорының өндіріс бойынша орынбасары А.Аманбаев бірнеше қайғылы оқиғаларға тоқталып, өзекті өкінішін білдірді. Ал, мұндай қазалы оқиғалардың алдын алу үшін, осындай кездесулерде оқушылар мамандар сөзіне ден қоюуы керектігін ескертті. Бүгінгі кездесуден одан нәтиже шығарулары тиістігін қадап айтты.

Мұнымен қатар, балалар әке-шешесінің қарауысыз, темір жол аумағына мүлде жақындамауы керектігі де сөз болды. Өйткені, орташа жылдамдықта келе жатқан жүк пойызының машинисі темір жол үстіндегі баланы байқап тежегішті дер кезінде басқанымен, пәленбай мың тонна салмақты құрайтын пойыз бір шақырымға жуық сырғып барып, әупіріммен әрең тоқтайтынын балалар ескере бермейді. Сондай-ақ, маманның сөзіне қарағанда жүріп келе жатқан пойызға жақын тұруға да мүлде болмайды. Өйткені, үйдей пойыздың екпіні бала түгілі ересек адамдардың өзін әудем жерге лақтырып жібереді екен. Сондықтан темір жол маңындағы тұрғындар үнемі сақтықта жүргені жөн.

Депоның Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша инженері Г.Алжанова темір жол бойындағы қатерлі аумақты ойын алаңына айналдырған балалардың фотосуреттерін көрсетіп, олар үшін ата-аналары күйетінін, сондықтан мұндай әдеттен аулақ болуды түсіндірді. Мамандардың мазмұнды әңгімесіне құлақ қойған балалар әсерленіп, бұл кездесуден тәлімді сабақ алды деген ойдамыз.

Бақыт БАҒЛАН   

                              Айналым депосының межесі айқын

Шиелі айналым депосы - Қызылорда локомотив пайдалану депосының филиалы. Бас депоның «көмекшісі» болғанымен, жұмыс ауқымды аз емес. Айналым депосының бастығы Біржан Отарбаевтың мәліметінше, еңбек өнімділігі мен тиімділігі, локомотивтердің тәуліктік жүрісі мен техникалық жылдамдығы, салмақ жөніндегі негізгі тапсырмалар 100 пайыздың үстінде орындалып отыр.

Депода 42 машинист пен 36 машинист көмекшісі еңбек етеді. Жаңадан 10 ТЭ-33А «Эволюшин» тепловоздарымен қоса 3 ТЭМ-2 маневр тепловозы алынып, осындағы барлық жұмыстарды солармен атқаруда. Ал Жаңақорған мен Талап станцияларына бөлінген 1 маневр тепловозында 4 ауысыммен 4 машинист және 4 көмекші жұмыс істейді.

Магистральдық теполоздарды алып жүретін машинистер жүк және жолаушы құрамдарын шығысы Түркістанға, ал батысы Қызылордаға дейін тасымалдайды. Бригадалық станция болғандықтан осы жерде тепловоз да, машинист те ауысады. Тепловоздардың бәріне осындағы Локомотив-Сервис орталығының филиалы ТО-2 техникалық қызметін көрсетіп, май-суын ауыстырып, құммен қамтамасыз етеді.

операторлар мен кезекшілер, наряд жасаушылар келіп-кетіп жатқан тепловоздарды қабылдап-жөнелтіп, оларға қарсы бағытқа жолға шығу үшін жол құжаттарын әзірлеп, дайын ауысымды кезекті сапарға шығарып салады. Екі нұсқаушы-машинист кесте бойынша кезекпен лекциялық сабақтар өткізіп, локомотив бригадалары қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге жетіп жатыр.

Биыл 3 көмекші машинист емтихан тапсырып, машинист куәлігіне ие болыпты.

–Біздің мамандар арасында қысқартуға жол берілген жоқ, – дейді депо бастығы. –Телімдік станцияның бірі Жосалыда мұндай ықшамдаулар жүргізілді, олардың біразы Қызылордаға, енді біреулері Қазалы деполарына ауыстырылды. Бұрын Қызылордадан шыққан пойыздар Жосалы станциясында тепловозын ауыстыратын, машинисі де ауысатын, ал енді онда аялдамастан Қазалы станциясына барып бір-ақ тоқтайды. Сол жерден машинист те, тепловоз да ауысады. Мұның салыстармалы түрде пайдалы жағы жоқ емес, біріншіден, тепловоздың тұру уақыты азаяды, екіншіден бригада үнемделеді, үшіншіден учаскелік жылдамдық пен техникалық жылдамдық артады, отын үнеміне де қол жеткізуге болады.

Шиелі локомотившілері өздеріне жүктелген межелі міндеттемелерін уақытылы әрі сапалы орындап, бас депоның табыс қазанына өз үлесін қосып отыр. Жыл қорытындысы жақсы боларына сенімді.

Қазақстан теміржолшысы газеті

Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер